Қытайлықтар сақалы бар адамдарды Қорғастағы шекарадан өткізбей жатыр

Қытайлықтар сақалы бар адамдарды Қорғастағы шекарадан өткізбей жатыр
Қазақстан мен Қытайдың шекара бойындағы ынтымақтастығы жөніндегі кездесуде сөз сөйлеген Алматы облысының прокуроры Азамат Жылқыбаев Қытай тарапы "Қорғас" шекара бекетінен өз аумағына сақалды және мұсылманша киінген адамдарды кіргізбей жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.
 
Қытайлықтар сақалы бар адамдарды Қорғастағы шекарадан өткізбей жатыр

Көрнекі фото: expert.ru

Оның айтуынша, "Қорғас" ШЫХО арнайы көлік-жаяу жүргінші жолында сәуірден бастап Қытай әскери бөлімдері қызмет көрсететін қосымша бақылау-тексеру өткізу пункттері орнатылған. Бұл шара діни экстремизм мен халықаралық терроризмге қарсы әрекет ету мақсатында Шыңжаң-Ұйғыр автономды ауданы билігінің шешімімен қабылданған.

"Сонымен бірге, аталған пункттерде орталықтың қытай тарапына ұлты мен азаматтығына қарамастан сақал қойған және мұсылман тұрмыс-салтына сай киінген адамдарды өткізбей жатыр. Бұл Қазақстан азаматтары үшін де, біздің аумақтан сонда өткісі келетін шетел азаматтары үшін де орталыққа баруды қиындатып жатыр, екіншіден, екі мемлекет арасындағы тауар айналымы төмендеді", — деді прокурор.

Ол әскери өткізу пункттерінің жұмысын "Қорғас" ШЫХО қызметін реттеу туралы талаптар мен келісімдерге сәйкес келтіруді ұсынды. Келісім бойынша, мұндай қызметті тек табиғат апаты, эпидемия, төтенше жағдайлар туындаған кезде қолдану қарастырылған.

Бұл ақпаратты Қазақстан бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин де растады.

Ал Қытай жоғары халықтық прокуратурасының өкілі Го Синван бұл проблема туралы алғаш рет естіп тұрғанын, сондықтан осындай ұсақ мәселелерді шешу үшін екі ел өкілдері арасында тұрақты кездесу өткізіп тұру қажет екенін атап өтті.

Sputnik Казахстан
Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста