«Қыздар футболды ақша үшін ойнамайды». Ұлттық құраманың капитаны Бегайым Қырғызбаевамен сұхбат

«Қыздар футболды ақша үшін ойнамайды». Ұлттық құраманың капитаны Бегайым Қырғызбаевамен сұхбат

Бегайым Қырғызбаева 1987 Жамбыл облысы Қордай ауданы Қарасай ауылында дүниеге келген. Отбасында әкесі, анасы және ағасы бар. Ол – қазір футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының капитаны, команданың лидері.

 
- Бегайым, кәсіби футболға қалай және неше жасыңызда келдіңіз?

- Кәсіби футболға 15 жасымда келдім. Әкем мені сол жылдары Алматы қаласындағы «Алма КТЖ» әйелдер футбол командасына жаздырды. Дәл сол командаға тап болу мен үшін сәтті болды. Өйткені, ол команданың бас бапкері - Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Емелин Борис Александрович болды. Ол - тәжірибесі мол жаттықтырушы. Борис Александрович Қазақстандағы әйелдер футбол құрамасының дамуына зор үлес қосқан адам. 

- Ағам бұрындары футбол ойнаған. Осы спорт түрін таңдауыма сол себепкер болды. Ол маған: «Қазақстанда осындай әйелдер клубы бар, барып, бағыңды сынап көр, бәлкім сені командаға алатын шығар» деді. Көп ұзамай расымен де сол командадағы ойыншылардың қатарына іліктім. Мені ол жақта барлығы жылы қабылдады.

- Футболды таңдауыңызға анаңыздың көзқарасы қалай болды?

- Анам алғашқыда қарсы болды. Анам дәрігер болуымды қалады. Өйткені, мен мектепте озат оқушы болдым. Бірақ кейін бапкерлерім ата-анаммен, тіпті мектептегі мұғалімдеріммен сөйлесіп, мені футбол таңдауға көндірді. 

- Футболдағы мансабыңыз туралы айтып беріңізші, Қазақстан құрамасының капитаны болғанға дейінгі қайда ойнадыңыз?

- Емелин Борис Александрович мені бірден ұлттық құрамаға алды. Еңбек жолымдағы алғашқы келісімшартыма 15 жасымда қол қойдым. 18 жасымда Қазақстан әйелдер құрама командасының вице-капитаны болдым. Араға екі жыл салып Қазақстан әйелдер құрама командасының капитаны атандым. 

- Қазақстан құрамасының капитаны болу сіз үшін ең бірінші кезекте қандай жауапкершілікті жүктейді?

- Расымен де үлкен жауапкершілік, матч алдында өзім ғана емес, сонымен қатар басқа да қыздардың жарысқа толықтай дайын болуын қадағалаймын. Олардың дайындығын жіті бақылап отырамын.  Қыздардың жаттықтырушы берген нұсқауын дұрыс орындауына көмектесемін. Әрдайым командаға мотивация беріп, әріптестерімді қолдауға бар күшімді саламын. 

- Ер азаматтармен жиі футбол ойнасыздар ма? Олар қыздардың ойынына қандай баға береді?

- Жігіттермен жиі футбол ойнап тұрамыз. Өйткені, бізбен футбол ойнағысы келетін ер азаматтардан жиі ұсыныс түседі. Сондай ойындарда жігіттер жеңіске жетіп жатса, олар ерекше қуанып кетеді. Бізбен футбол ойнағысы келетіндердің дені - жаттықтырушылар, төрешілер және жасөспірім балалар. Ара-тұра жасөспірімдермен жолдастық кездесу өткіземіз. Кей кездері қаладағы футбол алаңдарына барып, сондағы жігіттермен доп теуіп, көңіл сергітетін әдетіміз бар. 

- Әдетте, футбол спортында қыз бала қандай қиындықтарға тап болады? 

- Жалпы бұл спорт түрінде қыздарға өте көп жаттығу жасауға тура келеді. Мәселен, ер азаматтар қыздарға қарағанда футболға икемді келеді, тез үйренеді. Міне, сондықтан да қыз балалар көп жаттығады. 

- Командадағы қыздардың ұйымшылдығы қалай? Әдетте қыз бала эмоцияға жиі жол беретіндіктен, ұрысып немесе ренжісіп қалған сәттерде мәселені қалай шешесіздер?

- Команданың ұйымшылдығы өте жақсы. Қыздар ренжісіп қалған сәтте бір-бірімен сөйлеспей жүруі мүмкін. Бірақ, бізде жиі матч болады, алаңға шыққанда өкпе-реніштің бәрі ұмытылады. Керісінше, жеңіске жетіп жатсақ, бір-бірімізге қолдау білдіріп отырамыз. 

- Футболшылардың жалақысы аз еместігі белгілі. Ал қыздар футболындағы жағдай қалай?

- Қыздардың жалақысы ерлердікімен салыстырғанда әлдеқайда төмен. Бір айтарым, қыздар футболды жалақы үшін ойнамайды, олар футболды жақсы көргендіктен ойнайды.

- Футбол әлемінде кімді үлгі тұтасыз?

- Әдеттегідей, әлемнің ең үздік екі ойыншысы: Криштиану Роналду және Лионель Месси.

- Футболшы қыздардың сәнді киінуге, боянуға қатысты көзқарасы қалай? Шопинг жасағанды, түрлі косметика алғанды қаншалықты ұнатады?

- Мамандығымыз футболшы болғандықтан, көбіне спорттық киіммен жүреміз. Қыдыруға, той-томалаққа шыққанда сәнді киінуге тырысамыз. Шопингті басқа мемлекеттерге барған кезде жиі жасаймыз, ал косметиканы өте аз қолданамын. 

- Үй шаруасында қандайсыз? Қандай ас түрін әзірлей аласыз?

- Ең бастысы, бешбармақ (ет – авт.) әзірлеуді білемін. Анам бала күнімнен ас әзірлеуді үйреткен. Сондықтан күнделікті дайындалатын барлық тағам түрлерін жасау қолымнан келеді. 

- Футболшы болмасаңыз, қандай мамандықты таңдар едіңіз?

- Бәрібір футболшы болуға тырысатын едім (күліп). 

- Кәсіби футболшы қыздар 8 наурыз мерекесін қалай атап өтеді?

- 8 наурызда командадағы қыздар жиналып, караокеде ән салғанды ұнатамыз. 

- Рахмет, жеңісті күндеріңіз көп болсын!

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста