Қызылорда облысында 2 су қоймасын салуға қомақты қаржы бөлінеді

Қызылорда облысында 2 су қоймасын салуға қомақты қаржы бөлінеді

Қызылорда облысында Қараөзек және Күміскеткен су қоймаларын салуға қомақты қаржы бөлінеді. Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Қызылорда облысының су шаруашылығы объектілеріне 2022 жылы республикалық бюджеттен қаржы бөлу жөніндегі депутаттық сауалдарыңызды қарап, мынаны хабарлаймын. Қараөзек және Күміскеткен су қоймаларын салуға «2022-2024 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы аясында 3,86 млрд теңге, оның ішінде 2023 жылға 1 млрд теңге және 2024 жылға 2,86 млрд теңге көзделген. 2022 жылы Күміскеткен су қоймасының жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуді аяқтау үшін 56 млн теңге және Қараөзек су қоймасының құрылыс жұмыстарын бастау үшін 500 млн теңге бөлу мәселелері 2022 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау шеңберінде қарастырылатын болады», - деді Үкімет басшысы жауабында. Бұдан басқа, Премьер-Министрдің атап өтуінше, Жаңақорған ауданының 30 мың гектар суармалы егістік жерлерін сумен қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстары комитетінің бағынысындағы жобалау ұйымы («Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қызылорда филиалы) Сырдария өзенінде су тоспасының құрылысын бірнеше конструктивті жобалық шешімдерімен салу мәселесін жан-жақты қарастырып, тиісті жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізді. «Алдын ала есептеулер бойынша Сырдария өзенінде су тоспа құрылысының құны 12-35 млрд теңге аралығында құрайтын болады. Экономикалық тиімді нұсқа ретінде үрлемелі су тоспасын салу қарастырылуда, алдын ала есеп бойынша оның құны 14,6 млрд теңгені құрайды. Сырдария өзенінде су тоспасын салу мәселесі Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен (мемлекеттік инвестициялық ұсыныс әзірлеу және оған экономикалық қорытынды алу, техникалық-экономикалық негіздеме және жобалау-сметалық құжаттама әзірлеу) іске асырылатын болады. Жалпы Қызылорда облысының су шаруашылығы мәселесі Қазақстан Республикасы Үкіметінің тұрақты бақылауында», - деп атап өтеді Асқар Мамин.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста