Қызылорда облысында аққуды өлтірген тұрғыны анықталды
Қызылорда облысында аққуды ұстап өлтірген аудан тұрғыны анықталды, деп хабарлайды Azattyq Ruhy Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«22 желтоқсанда әлеуметтік желілерде жарияланған бейнежазба бойынша Қызылорда облысының Полиция департаментімен жедел түрде тексеру жұмыстары жүргізілді. Бейнежазба Қызылорда облысы, Сырдария ауданы Полиция бөлімімен «Ақпаратты есепке алу кітабына» тіркелді. Нәтижесінде бейнежазбадағы 26 жастағы облыс тұрғыны анықталып, полиция бөліміне жеткізілді», - делінген хабарламада.
Тексеру барысында, аталған оқиғаның 2013 жылы балық аулау кезінде күріштіктің каналының жағасында орын алып, бейнежазбаға түсірілгендігі анықталды.
Тексеру қорытындысына қарай оның іс-әрекетіне құқықтық баға беріліп, шешім шығарылады.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу