Қызылорда облысында спорт кешенінің шатырын жауып жатқан бес адам жарақат алды

Қызылорда облысында спорт кешенінің шатырын жауып жатқан бес адам жарақат алды

Қызылорда облысы Қазалы ауданында жаңадан салынып жатқан спорт кешенінде шатыр жауып жатқан бес адам жарақат алып, ауруханаға түсті. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Оқиға бүгін, 25 қаңтарда сағат 11.00 шамасында Қазалы ауданының орталығы – Әйтеке би кентіндегі Жанқожа батыр көшесі бойында жаңадан салып жатқан спорт кешені аумағында болған.

Спорт кешенінде төбедегі бөренелер құлап, салдарынан ауданда тұратын 30-40 жастағы 5 ер азамат жарақат алған.

Үшеуі «мидың шайқалуы, әртүрлі соғылған жарақаттар» диагнозымен ауруханаға жатқызылды. Екеуіне алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіліп, үйіне қайтарылды.

«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 277-бабы 1-бөлігімен іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр»,- делінген хабарламада.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста