Қызылорда қаласында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды

Қызылорда қаласында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қалаға қарасты Белкөл кентіндегі бірнеше нысанның ашылу рәсіміне қатысты.

 
 
Қызылорда қаласында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды

Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі

"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте

6 желтоқсан күні, Тәуелсіздік күні мерекесі қарсаңында Белкөл кентінде құны 158 млн. теңге болатын мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында салынған жаңа дәрігерлік-амбулатория ел игілігіне берілді. Жұртшылықтың көптен күткен қуанышына қала әкімі Н.Нәлібаев ортақтасып, бұл ауқымды жобаны жүзеге асыруды қолға алған мердігер мекеме «АХАТ - ГС» ЖШС ерекше алғысын жеткізді.

Қызылорда қаласында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды

Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі

"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте

«Баршаңызға белгілі, бүгінгі Қызылорда – әлеуеті артып, ырысы тасыған, экономикасы өрістеп, мәдени-рухани байлығы кемелденген – келешектің қаласына айналды. Қаламен қатар, қалаға қарасты елді-мекендердің әлеуметтік-экономикалық және инженерлік инфрақұрылымын дамытуда ауқымды жобалар жүзеге асырылуда.

Қызылорда қаласында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды

Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі

"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте

Бүгін біз, Сіздермен бірге тағы да осындай игілікті істің куәсі болғалы тұрмыз.

Атап айтқанда, кент орталығынан заманауи медициналық амбулатория ғимаратын ел игілігіне табыстағалы тұрмыз.

Жаңа дәрігерлік амбулатория кент халқына медициналық көмек көрсетуге қажетті барлық құралдармен қамтамасыз етілген.

Бұл біріншіден ел тәуелсіздігінің арқасында қолға алынған тың бастамалар мен халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған ауқымды жобалардың мәуелі жемісі. Жаңадан ашылғалы тұрған бұл ғимарат, халықтың игілігі үшін қызмет етсін»,-деді шаһар басшысы.

Қызылорда қаласында бірқатар әлеуметтік нысандар ашылды

Фото: Қызылорда қаласы әкімдігі

"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте

Осындай оң, игі істің жалғасы, кентте «Әмина - Жұлдызай» ойын – спорт алаңы балалар игілігіне пайдалануға берілді.

Жалпы құны 13 млн. 800 мың теңгені құрайтын бұл ойын алаңы қала әкімінің тікелей қолдауымен мердігер мекеме «Гүлнұр МК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арқылы салынды.

Сонымен қатар, Қала әкімі өңірімізде кең өріс алған кәсіпкерлікті қолдаудың арқасында кент жастарының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Әсет» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі пайдалануға берген жаңа нысанында болды.

Бұл кешен, қалалық спорт бөлімімен келісім - шартқа отыру арқылы жергілікті жастарға «Дзю - До»«Үстел теннисі» және «Каратэ - До» үйірмелерін ұсынып отыр.

Сонымен қатар, бұл кешенде 90 оқушыға шақталған «Әл - Әзиз» оқу – шығармашылық орталығы және көлік жуу, монша, шаштараз секілді қызмет көрсету орныдары қарастырылған.

Айта кету керек, Қызылорда қаласы басқа өңірлерден спорт саласындағы айтулы жетістіктерімен ерекшеленеді. Биылдың өзінде қала әкімдігіне қарасты «Қажымұқан» клубының спортшылары Әлем, Азия және ҚР чемпионаттары мен кубоктарында 121 рет жеңіс тұғырынан көрінді. Оның ішінде 7 спортшы әлем чемпионаттарының жеңімпаздары.

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста