Қызылжарда қазақтілді балабақша ашылды

Қызылжарда қазақтілді балабақша ашылды

Қызылжарлық бүлдіршіндер үшін жаңа жылан жылы жақ­сы жаңалықтармен басталды. Қалада қазақ тілінде тәрбие беретін 320 орындық балабақ­ша пайдалануға берілді. Мемлекет­тік тілдегі сәбилер үйіне өзге ұлт өкілдері де балаларын таласып-тармасып беріп жатыр.
Білім бөлімінің соңғы таратқан мәлі­мет­терінде шамамен 9 мыңдай бүлдіршіннің ба­ла­бақша кезегінде тұрғаны айтылған. «Ба­лапан» бағдарламасы аясында соңғы жыл­дары салынған мектепке дейінгі меке­мелер болмағанда, бұл сан одан да көбірек болар еді. Аталмыш бағдарлама қабыл­дан­ғанға дейін облыста сәбилердің бала­бақ­шамен қамтылу көрсеткіші 62 пайыз бола­тын. Бүгінде барлық баланың 86 па­йызы барып жүр екен. Билік 2015 жылы кезек мүл­дем болмайтынын айтып сенді­руде.
Соңғы ашылған 320 орындық «Алтын бесік» балабақшасы жаңа жылға жақсы тар­ту болды. Қызылжарда бұған дейін тек мем­лекеттік тілде ғана тәрбие беретін жал­ғыз бүлдіршіндер үйі болатын. Енді екеуге жет­ті. Бір қуантарлығы, қазақ бала­бақша­сы­на өзге ұлт өкілдері де балаларын беріп жа­тыр. Тізім бойынша қабылданған 320 ба­ла­ның 70 шақ­тысы – өзге этнос өкіл­дері. Де­мек, ол­ар­дың тілдері қазақша шы­ға­ды деген сөз.
Жаңа балабақшаның лентасын қиған облыс әкімі Серік Біләлов мектепке дейінгі білім беруге соңғы жылдары ерекше көңіл бөлініп отырғанын айтты. Жалпы, білім саласына бөлінген қаржының көлемі де ұлғайып отыр екен. Мысалы, білімге бө­лін­ген 36 миллиард теңге алдыңғы жыл­ғы­дан 9 пайызға артық. Демек, қаржы жаңа балабақшалар салуға, ескілерін жөндеуге мүмкіндік беріп отыр. Тек сол ақшаны тиім­ді және мақсатты пайдалана білу қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста