Қызылжардың тарихи атауын қайтаруға не кедергі?

Қызылжардың тарихи атауын қайтаруға не кедергі?

Теріскейдегі Петропавл мен Павлодар қалаларының атауын өзгерту туралы мәселе – бүгін ғана көтерілген дүние емес. Әсіресе Петропавлды Қызылжарға ауыстыруға барлық жағдай жеткен тәрізді еді. Алайда қоғам тарапынан, зиялы қауым өкілдері атынан дүркін-дүркін мәселе көтерілгенімен, қаланың тарихи атауын қалпына келтіру мәселесі түбегейлі шешімін таппай отыр. Тіпті мәселеге соңғы нүктенің қашан қойылатыны да белгісіз. Басқасын айтпағанда, бұған Парламенттің қос палатасындағы көзқарастың өзі ала-құла. Сонымен, мәселенің мәнісіне үңілсек...

Қызылжар атауын қайтару – уақыт талабы
Сәрсенбінің сәтінде өткен Мәжіліс отырысында тарихи қазақша атауға көшу мәселесін депутат Жарасбай Сүлейменов көтерді. Мәжілісмен Пре­мьерден Петропавлдың атауын Қызылжар деп өзгертуге қатысты қозғау салып, мұны Елбасының алдына тіке жеткізуін өтінген еді. Бұл ретте депутат Петропавлдың түпкі атауы Қызылжар болғанына қатысты бірқатар деректерді де алдыға тартады. «Әріден бастасақ, 1663 – 1763 жылдар аралығында өмір сүрген «Елім-ай» дастанының авторы атақты Қожаберген жыраудың «Қызылжар» деген өлеңі табылды. Онда ақын «Көлденең көк Есілдің жар­қабағын, әкеміз Қызылжар деп атап кеткен» деп нақ осы арада әкесі – Толыбай сыншының «Қызыл­жар» атты қыстауы болғанын жырлайды. Демек, сол кезде-ақ осы өңірді тұрғылықты халық Қызыл­жар деп атаған. Ал оның кейін дін апостолдары – Петр мен Павелдің есімдерімен аталып кетуі Ресейдегі патша өкіметінің отаршылдық және орыс­тандыру саясаты салдарынан болған», – дейді ол.
Депутат алға тартқан тағы бір дерек: Абылай хан 1759 жылғы 22 қазанда әскер шебінің ко­мандирі, полковник П.Роденге жазған хатында қазақтардың сауда-саттыққа араласуына жағдай жасау жөнінде өтініш білдіреді. Кейіннен Ресей өкіметі бұл тілекті қанағаттандырып, 1759 жылдың желтоқсанында далалықтармен сауда-саттық жәрмеңкесін ашу жөнінде жарлық шығарады.

Ел ішінде ол «Қызылжар жәрмеңкесі» деп аталады. Ал 1925 жылы коммунистік пар­­тияның бас газеті «Правдада» Пет­ро­пав­лдың Қызылжар болып өзгергенi тура­лы хабар жарияланған. Өйткені осы жылғы шiлденiң 18-iнде Ақмола губерниялық ат­қару комитетiнің (ол кезде Қызылжар осы губер­нияның орталығы болған) төралқасы Петропавлды ресми түрде «Қызылжар» деп атау туралы қаулы қабылдайды, оны Қазақ Республикасы орталық атқару коми­теті бекітеді. Жаңағы жоғарыдағы құ­жат­тар­дың барлығы Ресей мұрағатынан табы­лыпты.
Бұдан бөлек, депутат қазақ жазу­шы­ла­ры­­ның шығармаларына, ұлы ғалым   Ш.Уәли­хановтың еңбектеріне сүйене отырып, қаланың байырғы атауына қатыс­ты басқа да дәлелдерді келтіреді. «Бұл мәселе өз шешімін тапқанша, күн тәртібінен түспек емес. Уақыт осыны талап етіп отыр. Сон­дық­тан ерте ме, кеш пе, оны қарауға тура келеді. Осындай халық көптен күткен ше­шім қоғамымызда түсіністік ахуалы қа­лып­тасқан бүгінгі таңда қабылданса, нұр үстіне нұр болар еді», – дейді депутат. Осы­лайша, солтүстіктегі қазақтың көне атауын жаң­ғырту мәселесі Мәжілісте бірқатар депутаттардың қолдауын иеленді. Әйтсе де төменгі палатада «пісіп-жетілді, халық, уақыт талабы» деп қолпаштаған мәселеге бірден қарсылық білдіргендер табыла кетті. Мұндайлар басқа жақтан емес, Сенаттан шықты.

Тасбай «әлі емес, әлі емес...» деумен келеді
«Біз өзіміздің жерлестерімізбен зерттей келе, мұндай мәселені көтеруге әлі ерте деп айтқымыз келеді. Неге десеңіз, қалада 60 пайыз орыс халқы болса, украин, неміс секілді ұлт өкілдерін қосқанда 70 пайызға тартады. Олардың бәрі орыс тілінде сөйлейді. Соның бәрін есепке алып, қала атауын ауыстыруды көтеру әлі де ертерек деп ойлаймыз», – деді Тасбай Симамбаев жур­налистерге берген сұхбатында. Соны­мен қатар депутат телефон арқылы осы мә­­селе төңірегінде хабар алысқанын ай­тып, облыстағы басқа ұлттардың «кейбір жерлерге, шіркеулерге жиналып» қала ата­уын ауыстыруға қарсылық білдірмекші екендігін жеткізді. Тіпті қарсылық білдіріп, қол жинауға кіріскендер бар көрінеді. «Облыс халқы тату-тәтті, әп-әдемі бірлікте еңбек істеп жатыр. Ал атауды өзгертетін уақыт әлі ерте, өз кезегінде істеу керек, әйтпесе бүлдіреміз», – деді петропавлдық сенатор. Депутаттың «уәжінен» тағы бір түсін­геніміз – қаланың байырғы, түпкі атауы қалпына келсе, сол жақтағы басқа ұлттар өре түрегеліп, үдере көшуге әзір отыр­­ған сыңайлы. Мәселен, «осыны қоз­ғай берсек, басқа ұлттар көшіп, миг­ра­ция­ға ұласады. Бұлардың ішінде мұға­лім­дер, дәрігер, кәсіби білікті жұмысшылар бар, солардың барлығынан айырылып қала­мыз. Қазақстанда басқа ұлттардың болуы біздің сәніміз, бақытымыз» деуі де сон­дық­тан екен. Тіпті солтүстіктен сайлан­ған се­натор ағамыз атау мәселесін қозғауға қат­ты қорқатынын аңғартып қалды. 1992 жы­лы осы мәселе көтерілгенде, «казактар жиналып, үлкен толқыныс тудырғанын әлі де ұмыта алмай жүргенін» жасырмады. Со­дан жүрегі шайлыққан болуы керек, бас­қалар өліп-талып, терлеп-тепшіп тап­қан ел тарихына, жер тарихына қатысты де­рек­­терді де жоққа шығарып тастады. «Тарих­тың мәселесін мен айтайын. Абылай хан дейсің бе? Жоңғарлар қазақтарды қы­рып жатқанда, Абылай орыс патшаларына ба­рып күш сұрап, қазақты сақтап қалды. Енді «Қызылжар жәрмеңкесі» – Петро­павл­­дан 15-20 шақырым жер. Тура қала­ның түбі емес. Мен оны жақсы білем. Қала ең бірін­ші «казачья крепость» боп құрыл­ған. Ал 1920 жылғы газеттегі мате­риал­дарға, сә­бет кезіндегі заңдарға қарамау керек», – деді депутат.

Түйін
Тәуелсіздіктің 20 жылдығы жақындағанымен, Қазақстан бодан­дық­тың нышандарынан әлі де толық арыла алмай келеді. Бір дәлелі – осы. Ұсақ-түйекті айтпағанның өзінде, төрт ірі қаламыз шетелдің тілін­де, қазақтың тарихына, тағдырына еш қатысы жоқ атаумен ай­тылып келеді. Мұның өзі, мемлекеттік тілге, тарихқа деген көз­қа­ра­сы­мыздың әлі де кереғар тұсын білдірсе керек. Ал кез келген мәселеде ұлттың мүддесін кейінге ысырып, жосықсыз ұлтаралық татулықты желеу ететін депутаттар тұрғанда, ондай көзқарас қалайша өзгермек?! Басқасын былай қойып, БҰҰ-ның қабылдаған ережелерінде ықылым заманнан келе жатқан төл халықтың тарихи атауы болса, кейіннен қабылданған атауды жоюға болатындығы айтылады. Ал біздің сенаторлар кешегі Қожаберген мен Абылайдың заманына бармай-ақ, Ш. Уәлихановтың еңбектерін, жазушылардың шығармаларын мойын­даудан алыс. Әлбетте, бұл жолы да басқа емес, өз қандасымыз. Осын­дайда бір әпсана еске түседі: Еменнен: «Еңгезердей бойыңмен екі қарыс балтаға шамаң келмей құлағаның қалай?»– деп сұрапты. Сөйтсе емен: «Қайтейін, сабы өзімнен еді», – деген екен...

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста