Ресейде қару-жарақ қоймасы жарылып жатыр
Ресейде қару-жарақ қоймасы жарылып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Baza Telegram-каналына сілтеме жасап.
Краснояр өлкесінде оқ-дәрілері бар әскери қоймалар жанып, жарылыс болып жатыр. Жергілікті билік Ачинск ауданындағы маңайдағы ауылдарды көшіре бастады. Алдын ала мәліметтер бойынша, қоймаларда миналар мен зениттік патрондар сақталған. Бір зардап шеккен адам туралы белгілі - ол жергілікті тұрғын, оған жарылыстан кейін сынық түскен. Еске салайық, Арыс қаласында биыл 24 маусымда әскери бөлімнің оқ-дәрі қоймасында жарылыс болып, төрт адам қаза тапқан, тағы 90-ға жуық адам зардап шеккен еді. Сол сәтте қала толық эвакуацияланып, тұрғындар төрт күннен соң үйлеріне оралған болатын.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу