Резидент емес салық төлеушілерге құлаққағыс

Резидент емес салық төлеушілерге құлаққағыс

Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем­дер туралы кодексінің192-бабының 16-тармақшасына сәйкес халықаралық тасымал жөніндегі қызметтерді көрсетуден түсетін табыстар резидент еместің Қазақ­стан Республикасындағы көздерден алы­натын табыстары болып танылады. 194-бап­қа сәйкес халықаралық тасымал бойын­ша қызметтер көрсетуден түсетін та­быс­тар КТС бойынша 5 пайызды құрайды.
Қазақстан Республикасының тарап­та­рының бірі, қосарланған салық салуды бол­ғызбау және табысқа немесе мүлікке (капиталға) салық салудан жалтарудың жо­лын кесу туралы халықаралық шарттың ере­желерін осындай шарт жасасқан мем­лекеттердің біреуінің немесе екеуінің де рези­денті болып табылатын тұлғаларға қолдануға болады.
Халықаралық ережелерді қолдану мақ­сатында резидент еместің, рези­денттігін растайтын құжат табыс алушы ре­зи­дент еместің Қазақстан Респуб­ли­ка­сымен халықаралық шарт жасасқан мем­лекеттің резиденті болып табылатынын рас­тайтын ресми құжатты білдіреді.
Резидент еместің резиденттігін рас­тай­тын құжатта көрсетілген уақыт кезеңі ішін­де резидент емес Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сымен халықаралық шарт жасасқан мем­лекеттің резиденті болып танылады.
Егер резиденттікті растайтын құжатта резидент еместің резиденттігі уақытының кезеңі көрсетілмесе, резидент емес Қазақ­стан Республикасымен халықаралық шарт жасасқан мемлекеттің осындай құжат берілген күнтізбелік жыл ішінде резиденті болып танылады.
Резидент еместің резиденттігін рас­тай­тын құжатты табыс алушы резидент емес резиденті болып табылатын шет мем­ле­кеттің құзыретті органы куәландырады.
2011.21.07. №467-ІV ҚР Заңымен 5-тар­мақпен толықтырылды (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді); 2012.26.12. №61-V ҚР Заңымен 5-тармақ жаңа редакцияда (2013 ж. 1 қаңтардан бас­тап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Резидент еместің резиденттігін рас­тайтын құжатты куәландырған органның қойған қолы мен мөрі, сондай-ақ шетелдік нотариустың қолы мен мөрі қойылған құ­жаттардың көшірмелерін нотариат куәлан­дыратын жағдайда, Қазақстан Респуб­ли­касының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес дипломатиялық немесе консулдық заңдастыруға жатады.
Егер халықаралық шарт шеңберінде уәкілетті мекеме мен шет мемлекеттің құзыретті мекемесі резиденттікті растайтын құжатты заңдастырудың өзгеше тәртібін көздейтін өзара келісімге келген болса, онда көрсетілген тәртіп қолданылады.
Ұ.ЗАЙТБАЕВА, Медеу ауданы бойынша салық басқармасының бас маманы

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста