Ринат Зайытов өз атана айтылған сынға жауап берді
Мәжілістің кулуарында жаңадан сайланған депутат Ринат Зайытов жиыннан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Тurkystan.kz-ке сілтеме жасап.
«Мен қарсы болған биліктің жартысы жоқ. Онымен келісетін шығарсыздар?! Ал қазіргі билікпен енді жұмыс істейміз. Оның нәтижесінің қандай болатынын бір Құдай біледі. Әр мәселе әртүрлі шешілу керек. Кейбір жерде келісетін, кейбір жерде талқылайтын сәттер болады. Бастысы халыққа зияны тимеу керек. Мен Қазақстанның дамуын һәм өркендеуін қолдаймын. Белгілі бір адамдарды, топтарды қолдайтындардың қатарынан емеспін. Осының аражігін ажыратып алыңыздар. Депутаттарда «мен Президентті қолдаймын, мен мына министрді қолдаймын» деген болмауы керек», – деп жауап берді Ринат Зайытов.