Роберт МАНДЕЛЛ: Ортақ валюта құру – жүзеге асатын iс

Роберт МАНДЕЛЛ: Ортақ валюта құру – жүзеге асатын iс

Дағдарыс әлемдi әбден дiңкелеттi. Шығу жолын әркiм әртүрлi көрсетедi. Шынын айту керек, жер бетiндегi мемлекеттер бұл мәселемен күресуде «аққу, шортан һәм шаянның» кебiн киiп тұр. Бiр жағадан бас, бiр жеңнен қол шығаруға ешкiм құлық танытпай отырғанға ұқсайды. Дегенмен уақыт оздырмай бұл мәселенiң дәл бiздiң Алтай мен Атырауға дейiн созылған сары бел – Сарыарқамызда көтерiлiп отырғаны жүрекке қуаныш ұялатады. Кешеден бастап Астанада өтiп жатқан «Еуразияның жаһандық қатерлер жүйесiндегi экономикалық қауiпсiздiгi» тақырыбындағы II экономикалық форум – осының бiр айғағы.
Форумды ашқан Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Бiздiң халқымызда «Қамданған капы қалмайды» деген мақал бар», – дедi форум меймандарына ой сала сөйлеп. Қазақстанның айдың-күннiң аманында Ұлттық қорға қыруар қаржы жинап алып, дағдарыс дауылына соншалық сыр бере қоймай отырғаны да сол ұлағаттың орындалғаны болса керек. Ғаламдық дағдарыстан шығудың амалдарын iздеу және алқалы талқылау үшiн елордамызға келген әлемнiң 40-тан аса елiнiң атағының өзiнен ат үркетiн ғалымдары да осы пiкiрмен келiсерi сөзсiз.
Мұхиттың ар жағынан келген дағдарыс, әсiресе, долларға «басыбайлы» елдердiң экономикасына қырғидай тиiп, «көк қағазға» деген өкпесiн қара қазандай еттi. Нұрсұлтан Әбiшұлы айтқандай, доллардың демократиялық емес, басыбайлы, бәсекесiз, бақылаусыз әлемдiк валюта екенiн бiздер ғана емес, көптеген көршiлерiмiз де мойындады. Сол себептен Қазақстан Президентi Нұрсұлтан Назарбаев Делиде өткен Үндiстан мен Қазақстан кәсiпкерлерiнiң бизнес-форумында жаңа әлемдiк валюта жасау керек деген ұсыныс айтып, батыл бастама көтердi. Тiптi ортақ валютаны ұлттық мүддемiзге сай «алтын» деп атауын да бiрден ұсынды.
Кейiн бұл ұсынысын Президент «Дағдарыстан шығу кiлтi» атты мақаласында жiлiктеп шағып бердi. Кеше экономикалық форумда Президент ұсынған жаңа волюта – «алтынға» форумға әлемнiң әр тарапынан келген ғалымдардың барлығы дерлiк қолдау көрсеттi. Нобель сыйлығының иегерi, әйгiлi экономист-ғалым Роберт Манделлдiң өзi жаһандық жаңа валютаға қолдау көрсетiп отыр. Тағы бiр Нобель сыйлығының иегерi Эдмунд Фелпстiң пайымы да осыған саяды.
Президент өз сөзiнде қазiргi ғаламдық валюталық-қаржылық жүйенiң ешқандай елдi ұшпаққа шығармай отырғанын айтты. Бұл жүйенiң дағдарыстан шықпақ түгiл, керiсiнше, тығырыққа тiреп отырғанын сөз еттi. «Бүгiнгi валюталық-қаржылық жүйе қазiргi заман талабы мен мұқтаждығынан тiптен кенжелеп қалғанын батылдықпен мойындау керек. Ол бүкiл әлемнiң дамуын тежеп отыр. Әлемдiк валюталық-қаржылық жүйесiн «өрлеу сипатындағы жөндеу» бiздi ешқандай да айқын жақсылыққа апармайды», – дедi Елбасы. Сондықтан Президент ол үшiн өзi тiреу қылып тұрған экономикалық парадигманың негiзiн жаңартуды ұсынып отыр. «Олай болмаса, әлемнiң дағдарыстан құтыла қалуы неғайбiл», – дейдi Нұрсұлтан Әбiшұлы.
Н.Назарбаевтың сөзiне қарағанда, бұл үшiн валюта-қаржы бiрлестiгiн құру бойынша нақты мәселелердi талқылау жөнiндегi жұмыс тобын жасақтау қажет. «Бiз ондай топты өзiмiзде, Қазақстанда, қабылдауға және оның жемiстi жұмыс iстеуi үшiн жағдай жасауға әзiрмiз», – дедi Мемлекет басшысы бастаманың қазақтiкi екенiн меңзегендей. Әрi мұндағы абырой қазаққа тиесiлi болса деген де ниет жатқанын түсiну қиын емес.
Сонымен қатар Елбасы әлемдiк экономика аренасына БҰҰ-ның мақұлдауымен және мемлекеттердiң қол қоюымен «Әлемдiк валюта туралы» дүниежүзiлiк заң қабылдау керек деген ойын да ортаға тастады. Бұл ұсынысты ақыл таразысына салсақ, болашақ заң дүниежүзiлiк нарықта жекелеген эмитент топтардың экономикалық қатынастарда өз үстемдiгiн жүргiзуiне тосқауыл болады. Яғни әлемнiң жартысынан көбi жекелеген алып мемлекеттердiң төл валютасына тәуелдi болмайды. Әрi тасы өрге домалап тұрған валюта иелерiнiң өктемдiгiне жол бермейдi. Сонымен қатар ортақ валюта әр мемлекеттiң өз iшiнде қолданылатын ұлттық ақшаларының тұрақтылығын да қамтамасыз етедi.
Осынау ортақ валюта жайында өзiнiң ойын қорытындылай келе, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев былай дедi: «Жаһандық экономикалық тығырықтан шығу бағытының бiр жолы ретiнде ұсынған әлемдiк ортақ валюта құру туралы идеям мұндай бетбұрысқа әлi дайын емес, тыңдаушыма әсiре батыл көрiнуi мүмкiн. Бiрақ форумға қатысушылар, оның iшiнде Нобель сыйлығының иегерлерi Р.Манделл мен Э.Фелпс базалық ұсыныстарды қуаттап, қолдады. Бiздiң ойымыз бiр арнаға тоғысты».

Әлем экономистерiнiң пiкiрi
Роберт МАНДЕЛЛ, профессор, Нобель сыйлығының лауреаты:
– Менiң ойымша, бұл – керемет идея. Тарихқа жүгiнсек, ХХ ғасырдың ортасында Иранда да осындай идея туындаған болатын. 1965 жылдары доллардың жағдайы нашарлап кеткенде АҚШ ортақ валюта мәселесiн қозғаған. Яғни әрбiр дағдарыс кезiнде әлемге валюта қабылдау мәселесi бой көрсетiп тұрды. Сондықтан бұл бастаманы арнайы комитет құрып, қолға алған дұрыс.
Менiң ойымша, аймақтық ортақ валюта құрған дұрыс. Бiрақ бұл өте үлкен қадамды қажет етейiн деп тұр. Бұл дегенiмiз – әркiм өзiнiң ұлттық валютасынан бас тартсын деген сөз емес. Мәселен, доллар әр елдiң төрiне шыққан кезде ешқандай мемлекеттiң ұлттық валютасы ығысып қалған жоқ қой. Бұл да тура солай. Евро да тура солай қабылданды. Сондықтан ортақ валюта құру мәселесi – жүзеге асатын iс.
Жан ЛЕМЬЕР, BNP PARIBAS төрағасының кеңесшiсi:
– Бұл – қарастыру мен тексерудi қажет ететiн өте маңызды идея. Әрине, әлемдiк ортақ валюта құру мәселесi төңiрегiнде қаншама сұрақ туындауы мүмкiн. Менiң бiлетiнiм, бұл мәселеге қаншама мемлекет өздiгiнен келуге мәжбүр болып отыр. Мәселен, Еуропаны алсақ, олар құрғақ намысты қойып, барлығы ортақ валюта етiп – евроны «сайлап» алды. Соның нәтижесiнде Еуропа дағдарыстан қатты ақсаған жоқ. Егер евро болмағанда, бұл дағдарыстың соққысы бүкiл әлемдi оңдыртпай шайқалтар едi. Бiздiң бақылауымызша, долларды пайдаланушы кейбiр мемлекеттер евроға қарай бет бұрып жатыр.
Эдмунд ФЕЛПС, профессор, Нобель сыйлығының лауреаты:
– Бұл ұсынысты ары қарай тереңдетiп зерттеу керек. Оның жүзеге асыру тетiктерiн, өмiршең болатын жолдарын қарастыру қажет. Сосын қазiргi басымызға төнген қауiппен бүгiнгi валютамыз қаншалықты күресiп жатыр дегенге сарап жасау керек. Дағдарыс алдында нарықта жұрттың қалтасы көтермейтiн қымбат пәтерлер пайда болды. Бағаның жарына соқтырған АҚШ-тың ипотекалық несиесiнiң түбi осы дағдарысқа әкеп соқты емес пе?!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста