«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында үш кітаптың тұсауы кесіледі

«Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында  үш кітаптың тұсауы кесіледі

«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ғалым, шығыстанушы, тарих ғылымдарының докторы Нәбижан Мұқаметханұлының дайындап баспаға ұсынуымен әйгілі ғалым, тарихшы Ниғымет Мыңжанидың «Таңдамалы мақалалар», әйгілі тарихшы, қоғам және мемлекет қайраткері Зардықан Қинаятұлының «Тарихқа көзқарас», «Найман хандығы: тарихы және мәдениеті ХІІ-ХІХ ғғ.» атты кітаптарын шығарып отыр.

Ниғымет Мыңжанидың қазақтың тарихын, әлеуметтік шаруашылығын, этнографиясын, тілі мен әдебиетін және фольклорын зерттеген еңбектерінің ғылыми және практикалық құндылығы қазір де жойылған жоқ. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» идеясы бойынша елімізде қолға алынып жатқан ұлттық құндылықтарымызды жаңғырту игі шараларына сәйкес, ғалымның Қазақстанда жарық көрмеген еңбектері арасынан таңдап алынған ғылыми мақалалар топтамасы кірген. Жинақтан ғалымның қазақ тарихы, әлеуметтік шаруашылғы, тілі, діні, әпсаналары мен фольклоры жайлы жазған құнды да қызықты материалдарды көруге болады.

Зардықан Қинаятұлының «Тарихқа көзқарас» атты жинағында автордың 1996-2015 жылдары Қазақстан баспасөзінде жарияланған ғылыми мақалалары, келелі сұхбаттары мен естеліктері енгізілген. Жинақ екі томнан тұрады. Жинақтан ғалымның тарихқа жаңа ғылыми ой-тұжырымдарын, қоғамдық-саяси концептуалдық өткір пікірлерін, тарихи тұлғалар туралы, көзі көрген белгілі адамдар жайлы жазған құнды да қызықты материалдарды оқи аласыздар.

«Найман хандығы: тарихы және мәдениеті ХІІ-ХІХ ғғ.» - ХІ-ХІІІ ғасырларда Алтай, Ханғай аралығында салтанат құрған Найман хандығының тарихы мен мәдениетінің құнды мұраларын зерттеуге арналған алғашқы монография. Зерттеу желісі қазақтың найман тайпасының ХІХ ғасырға дейінгі тарихи оқиғасын қамтиды. Монографияда Найман хандығының саяси құрылымы, этнодемографиясы, наным-сенімі, мәдениеті, шаруашылығы мен тұрмыс салты жан-жақты талданған. Қазақ мемлекеттілігі тарихы қазірде зерттелу үстінде. Қазақ мемлекеттілігіне Найман ұлысының қосқан өзіндік үлесі бар. Автордың көп жыл ізденістерінің нәтижесінде мемлекеттілік тарихымыздағы ақтаңдақтарының бір парасы бүтінделіп, «Рухани жаңғыру» бағдарламамыздың аясынан жарық көріп отыр.

Аталған үш кітаптың тұсауы 2017 жылдың 26 желтоқсанында ҚР Ұлттық кітапханасының үлкен залында кесіледі.

Кітаптардың тұсауын Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділов, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Мәмбет Қойгелді, тарих ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Хангелді Әбжанов кеседі.

Мекен-жайы: Алматы қаласы Абай көшесі 14, Абылай хан даңғылы қыйылысы.
Өтетін уақыты: 26 желтоқсан , 2017 жыл.
Басталуы: 10:00
«Жебеу» Республикалық қоғамдық бірлестігі
Байланыс телефоны: +7 701 722 18 88, +7 701 603 63 96

 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста