Кеше оңтүстік астананың тұрғындары Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағындағы шатқалға Көк-Жайлау қоқыстарын тазарту үшін шықты. 1500-ге жуық алматылық алты тонна тұрмыс қалдықтарын жинады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Ауқымды сенбілікке алматылықтарды қала әкімі Бақытжан Сағынтаев шақырды.
Таңертеңнен бастап оңтүстік астананың тұрғындары Тұңғыш Президент саябағының маңында жиналып, Көк Жайлау аумағына барды.

Фото: NUR.KZ
Айта кету керек, көптеген қала тұрғындары үшін бұл үстіртке алғашқы көтерілу болды.

Фото: NUR.KZ
Қала тұрғындары ұзындығы бес километрден жоғары қашықтықты 1,5-2 сағат ішінде бағындырды. Мәреде оларды азық-түлік пен сусындар күтіп тұрды, ал демалғаннан кейін алматылықтар тұрмыстық қалдықтарды жинай бастады.

Фото: NUR.KZ
Оңтүстік астананың тұрғындары шамамен алты тонна қоқыс жинады. Жалпы қалалық акцияға бір жарым мыңнан астам адам қатысты.

Фото: NUR.KZ
Олардың арасында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев та болды. Қала басшысы қоқысты жеке өзі жинап, қала тұрғындарымен қатар араласты.

Фото: NUR.KZ
Жалпы, өзен жағасында және Көк Жайлау үстіртінің алты аймағында 2 мыңнан астам қоқыс салынған қаптар жиналды.

Фото: NUR.KZ