Саябақ 20 жылдан кейін тазаланды

Саябақ 20 жылдан кейін тазаланды

Қызылжар қаласының орталығындағы мәдениет және демалыс саябағының жиырма жылдан астам уақыт бойы не жөндеу көрмей, не тазаланбай келген жарты бөлігі он күннің ішінде құлпырып шыға келді. Облыс әкімі Серік Біләлов бастаған қалалықтар он күн бойы жұмыстан кейін қолдарына күрек-кетпендерін алып, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Орталық саябақтың ауданы – 38 гектар. Оның 18 гектарында балаларға арналған аттракциондар мен дәмханалар орналасқан. Ал қалған бөлігі мүлдем игерусіз. Тіпті қоқыс төгетін орынға айналып үлгерген болатын. Он күн бойы облыстық және қалалық әкімдіктің, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, білім ошақтарының оқытушылары мен студенттерінің күшімен саябақ шіріген ағаштар мен қураған шөптерден тазартылды. Жарық тартылып, спорт алаңқайлары жасалды. Шахмат, дойбы ойындарына арналған үстелдер мен орындықтар да қойылды. Белгісіз біреулер қиратып кеткен Мағжан Жұмабаевтың әкесі Бекеннің басына орнатылған ескерткіш тасты қалпына келтіру жұмыстары да аяқталуға жақын. Осымен вандалдар екінші рет қиратып кеткен зират басына бұдан былай бейнебақылау камерасы қойылатын болып шешіліпті.

10 күн ішінде тазалық жұмыстарымен алты мыңдай адам айналысыпты. 20 жыл тазаланбай келген саябақ ішінен 640 көлік қоқыс сыртқа шығарылған.

Серік Біләлов, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі:
– Қалалықтардың өтініштері бойынша 18 гектар жерді алып жатқан ескі саябақты қалпына келтіру жұмыстары ойдағыдай жасалды. Алдағы уақытта да оны жабдықтау жұмыстарын жалғастыратын боламыз. Шағын мүсіндерді қоюды да жоспарлап отырмыз. Мұның барлығы да қала тұрғындарының көңіл-күйін көтеруге, салауатты өмір салтын ұстануға септігін тигізеді деп ойлаймын. Ал саябақ тазалығы бақылауға алынып, осы мақсатта арнайы кезекшілік құрылатын болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста