Саясат Нұрбек Кипрде оқитын балаларын елге қайтаратынын мәлімдеді

Саясат Нұрбек Кипрде оқитын балаларын елге қайтаратынын мәлімдеді

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек балалары неге шет елде оқығанын түсіндірді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Үкімет кулуарында журналистер ғылым және жоғары білім министрінен балалары неге Кипрде оқитынын сұрады.

"26 маусымда балаларым Қазақстанға оралады. Сіздерге фотомен есеп беремін. Өзім де оларды асыға күтіп жүрмін", - деп жауап берді Саясат Нұрбек.

Ол балалары не себепті Кипрде оқығанын түсіндірді. Оның айтуынша, мұның үш себебі болған. Біріншісі – жұбайының денсаулығына байланысты.

"Нақты медициналық қорытынды бар, белгілі бір проблемалар бар. Екіншіден, өкінішке қарай, мен қаржылық жағынан балаларымды елде оқыта алмадым. Үшіншіден, онда (Кипрде) өте жақсы британиялық мектеп бар. Алаңдамаңыздар. Мен тағы бір мәрте ашық айтамын – 26 маусымда олар Қазақстанға оралады", - деді ғылым министрі.

Министр балаларының елге оралуы оның жаңа қызметке тағайындалуымен байланысты емес екенін айтты.

"Мен бір күн бұрын ғана министр болдым. Бір күн ішінде жеке өміріңде де, білім және ғылым жүйесінде де ештеңе өзгерту мүмкін емес. Балаларым қарапайым мектепке оралады. Ол жайлы да фотомен есеп беремін, сол себепті менің әл-ауқатым мен балаларым үшін уайымдамаңыздар", - деді ол.

11 маусымда бұрынғы мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек ғылым және жоғары білім министрі лауазымына тағайындалды. Айта кетері, шенеуніктің үш баласы бар.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста