Самаурындар сап түзейтін көрме

Самаурындар сап түзейтін көрме

Отбасы күнін Теміртау қала­сы­ның мұражайы жез самау­рынмен көпшілікке шай ұсыну арқылы қарсы алуды жоспарлап отыр. Буы бұрқыраған қою күрең шаймен ғана шектелмек емес мұражай. Сонымен бірге самаурындар көрмесін өткізеді. Мұражай бас болып, қорынан құнды жәдігерлер саналатын самаурындарын жұртшылық назарына ұсынуды жөн санапты.
Самаурындардың ең көнесі – 1900 жыл­ғы самаурын. Ол Туладан жеткізіліпті. Ал қалған самаурынды қала тұрғындары әкел­мекші. Сондай-ақ самаурындар көр­ме­сі­мен қатар балалар арасында шайға қатысты түрлі сайыстар ұйымдастыл­мақ­шы. Бүгінде мұражай қызметкерлері алып пазлл-самаурынды жасауға жұмылған. Тіпті шағын шәйнектер де бар. Бұл шай­нек­терге көрмеге келгендер қолтаңбасын қал­дырып, лебіз-тілегін жаза алады.
Светлана ТРЕЩЕВА, мұражай қызметкері:
– Былтырғы жылы Отбасы күніне біз ағаш орындықтар көрмесін жасаған едік. Себебі ағаш орындық – отбасын­да­ғы тірлік­тің, бәрінің бастауы. Ол отба­сын­дағы темірқазық секілді. Ал бұл жолы са­маурын мен шайнектен көрме жасау­ды жөн сана­дық. Шай ішетін самау­рын-шайнек – отба­сын ұйытатын үйдегі ең бас­ты зат. Төрт көзі түгел жина­лып, шай ішпейтін отбасы жоқ.

Бұл көрме мұражайдың ішінде емес, ашық аспан астында көшеде өтеді. Көр­ме­нің жеңімпаздарына бағалы сыйлықтар табыс етіледі. Ал самаурындар иелеріне қай­тарылады. Отбасы күні мамырда бол­ға­нымен, мұражайлықтар алдағы күн­дер­де атап өтпекші.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста