"Шашымды бір рет жуғанда 6 құты сусабын кетеді": Әлемдегі ең ұзын бұйра шаш иесі оқиғасымен бөлісті

"Шашымды бір рет жуғанда 6 құты сусабын кетеді": Әлемдегі ең ұзын бұйра шаш иесі оқиғасымен бөлісті

Естімеген елде көп. АҚШ-тың Флорида Штатында тұратын 73 жастағы Аша Мандела әжейдің шашы 33 жарым метрге жеткен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осыдан 40 жыл бұрын шаш өсіруді бастаған ол бірнеше рет Гиннестің рекордтар кітабына еніп үлгеріпті. Оның бұйра шаштары 2009 жылдың қараша айында 6 метрге жуық болған. Ол Флорида штатына Тринидад және Тобаго аралдарынан көшіп келген. Ең қызығы, оның ұзын бұйра шаштарының салмағы 19 келіні құрайды. 

"Маған "дредтер (табиғи бұйра шаштары бар адамдарды солай атайды)" деген термин ұнамайды. Себебі, менің әдемі шаштарымда тұрған дәнеңе де жоқ" - дейді Аша Мандела.

Ол өзінің шаштарын "менің патшайымдық тәжім, менің кобрам" деп атайды. 

"Мен жатын бөлмеме барарда, өзімнің кобрамды қапшыққа салып алып барамын. Солай біз құшақтасып, әңгімелесіп жатамыз." - дейді әжей.

Аша өзінің шаш өсіруін кемелденуге ұмтылып, өмірін өзгертетін рухани үрдіс ретінде таныстырды. 

"Мен өскен кезде дредтер мен растафарилердің шығу тегі туралы ештеңе білмедім. Мен бір күні түсімде көп кобраларды көрдім.

Олар маған менің "ерекше" адам екенімді айтты. Кейін оны басқалар маған келген аян ретінде түсіндірді. Солай мен шашымды өсіруге ұйғардым" - дейді Аша Мандела.

Алайда, оның бұл шешіміне қарсы шыққандар көп болған. Әсіресе, оның екі әпкесі ұзақ уақыт Ашаны райынан қайтармақ болған. Кейін оның өмір салтын, шаш үлгісін мойындаған. 

Ашаның шаш үлгісін қатты жақсы көретіндердің бірі оның күйеуі Эммануэль Чеге. Ол Найробилік кәсіби стилист. Олар кездескен күннен бастап Эммануэль әйелінің шаш өсірудегі жаттықтырушысына айналған. Күн сайын оның шаштарына күтім жасап, қолдау көрсеткен.

Оған көп оқырмандары шашының тазалығы бойынша сұрақтар қоятын көрінеді. Тіпті мұндай шашты толықтай таза ұстау мүмкін емес деп, оны кемсітетіндер де бар. Алайда, Аша үшін шашының тазалығы бірінші реттегі мәселе.

"Мен шаштарымды аптасына бір рет жуамын. Оны толық жуу үшін 6 құты сусабын кетеді. Ал оны кептіруге екі күн кетеді" - дейді Мандела. 

Аша шаштарын сау сақтаудың бірінші кеңесі - оларды таза ұстау және оларға сүйіспеншілік көрсету дейді. Ол сәнге аса мән бермейтінін айтады. 

Төрт онжылдық бойы бұйр шаштарына мұқият күтім жасағаннан кейін, Аша оларды кескісі келмейді. Оларды жеке басының ажырамас бөлігі ретінде қарастырады.

"Мен шашымды ешқашан кеспеймін. Ол уақыт келмейді." - деді ол. 
 

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста