Семей зообағының басшысы пониді сойып, жеп қойған
Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ.
Семейдегі зообақтың басшысы пониді сойып жеп қойған көрінеді, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл жаңалықты журналист Жалғас Зейноллаев өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.
"Семейдегі биологиялық орталықтағы (зообақ) пониді басшысы сойып жеп қойыпты. Себебін, түйенің ботасына орын жетпегендіктен солай жасадық депті. Бұған дейін онда сілеусін мен қасқырды бір торға қамап, қасқыр сілеусінді талап өлтіріп, шу болған. Ал мынау тіпті сұмдық. Әй дейтін әже, қой дейтін қожа жоқ, Семейде бұдан да сорақы істер болып жатады", - делінген жазбада.
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу