Шенді арулар сайысы

Шенді арулар сайысы

Жуырда Жамбыл облысында күштік құрылымдар мен әскери ұйымдар арасында «Жас қыран аруы – 2012» байқауы өтті. Аталмыш байқау Қарулы Күштер мен әскери ведомство­ла­рында қызмет ететін нәзік­жан­­дылардың кәсіби біліктілігін арттыру және шығармашылық қа­білетін ашуға бағытталған.
Байқау үш кезең бойынша өтті. Өзін таныстыру, сұрақ-жауап кезеңі, дефиле, яғни әскери киім үлгісімен және кеш көйлегімен шығу. Байқауға алдын ала іріктеу байқауынан өткен 30 жасқа дейінгі алты ару қатысты. Сыр сымбаты бірінен- бірі өткен оқалы арулардың бәсекесі тартысты өтті. Қазылар алқасына да  кімнің бас бәйгеге лайық екенін анықтау оңайға түспеді. Білімі мен біліктілігі, ақылы мен көркі сынға түскен арулар байқауы өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылды. Бас бәйгені ІІД Жедел басқару орталығының жетекші маманы Айнұр Мырзаханова иеленді. Екінші орынға ІІД Әкімшілік полиция басқармасының жетекші маманы Дильназ Ирискулова лайық деп табылса, үшінші орынды ІІД ақпараттық-сарапта­малық орталығының инспекторы Мария Пережогина алды. Байқау қатысушыла­рына дипломдар мен құнды естелік сый­лықтар табыс етілді. Аймақтың жеңімпазы Астанада желтоқсан айында өтетін бас бай­қауға қатысатын болады.  
Гауһар Сәрсенбаева, Жамбыл облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз хатшысы:
– Шенді арулардың байқауына қатысуға тілек білдіргендер аз болған жоқ. Оған тек іріктеуден өткендер ғана қатысуға мүмкіндік алды. Байқау өте тартысты түрде өтті. Бас жүлде иегері енді Астанада өтетін байқауда Жамбыл облысының намысын қорғайтын болады.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста