Шетелдік басылым Қазақстанның болашағы туралы жазды
BBC Джонатан Фрайердің «Шыны пирамида Қазақстанның амбициясын көрсетеді» атты материалын жарыққа шығарды деп жазады jaqsy.kz порталы.
Автор Астана сапарынан жазбасын «құм ортасында шыға келетін пирамидалар тәрізді Астана парктерінің біріндегі жасыл шүйгін арасынан биіктігі 200 футтық Бейбітшілік және келісім сарайы көрінеді» деп бастапты.
Джонатан Фрайер 1991 жылы ыдыраған Кеңес Одағынан дербестік алған Қазақстанды қолына алған Назарбаев жетекшілігімен, бұл елдің өзін 20 миллионға жетпейтін халқына қарамастан, 2050 жылға қарай әлемнің 30 жетекші экономикаларының арасынан көргісі келетінін жазыпты.
«Біз мұны жасаймыз», -деді энтузиазмға толы Нұргүл есімді студент, Фостердің тағы бір алып құрылысы – шатыр тәрізді сауда орталығының ішінде», – деп жазады автор.
«Мұндай оптимистік сенімге ие болудың себебі – әсіресе Каспий жағалауы мен теңіз астындағы мұнай мен газдың мол қоры. Соған қарамастан, үкімет жаңғыртылатын қуат көздері саласында әлемдік лидер болуға ниетті. Nazarbayev University-ге қарсы орналасқан құрылыс алаңында болашақтың энергиясына арналған халықаралық арнайы Expo2017 көрмесінің қым қуыт тіршілігі жүріп жатыр»,-деп жазады автор.
Материал «Назарбаевтың миссия арқалаған адам екеніне күмән жоқ. Оны ешкім де, ешнәрсе де тоқтата алмайды» деп аяқталады.