Щучинск қаласында әскери колледждің студенті жарақат алды
ҚР Қорғаныс министрілігінің Әскери колледжінің курсанты жарақат алды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл оқиғаны Қорғаныс министрлігі растады, бірақ оқиғаның анық-қанығын айтпады.
Қорғаныс министрлігінің әскери колледжі Ақмола облысының Щучинск қаласында орналасқан.
“Биылғы жылдың 31 шілдесінде ҚР ҚМ Әскери колледжінде тәуліктік нарядтағы кадет жарақат алды. Әскери қызметшіге барлық қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқиғаның мән-жайын анықтауға арнайы комиссия жіберілді”, - делінген ақпаратта.
ҚР Қылмыстық іс жөніндегі кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етуге жатпайтыны айтылды.
Бір күн бұрын Степногорск пен Ақтауда Ұлттық ұланның екі әскери қызметкерінің қаза тапқаны белгілі болған еді.