СІМ Қазақстан Шенгеннің қара тізіміне енді деген ақпаратқа түсінік берді

СІМ Қазақстан Шенгеннің қара тізіміне енді деген ақпаратқа түсінік берді

1 наурыздан бастап Астана немесе Алматыда орналасқан Шенген аймағы елдерінің консулдығына виза алу қиындайтыны туралы ақпарат тараған еді. Осыған Сыртқы істер министрлігі жауап берді, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі "Экспресс К"-ға сілтеме жасап.

Қазақстанның қандай да бір тізімге енгізілгені туралы айтатын болсақ, біз Еуропа тараптан ресми хабарлама алған жоқпыз. Биыл Еуропалық одақ пен Қазақстан арасындағы қарқынды дамыған ынтымақтастықтың орнағанына 30 жыл толады, — дейді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров .

 

Оның айтуынша, 1 наурыздан бастап Қазақстанға шенген визасын беру кезінде бұдан былай азаматтар үшін қосымша консультациялар талап етілетін елдер тізімінде болады. Сонымен қатар Шенген келісімінде қара немесе қызыл тізім деген ұғым жоқ. Бұл жерде әдеттегі жұмыс процесі туралы айтылған.

 

Мұндай қадам біз түсінгендей шенген келісімінің бір елі сұратқан. Себебі Еуропалық одақ пен Шенген келісіміне енетін елдердің виза алуға өтініш берген үшінші елдің азаматтарына қосымша консультациялар өткізуге құқығы бар, — дейді Айбек Смадияров.

 

Ол консультациялар 7 күнге созылады деп айтты. Бүгінгі таңда Шенген келісіміне 27 мемлекет қатысады.

 

Шенген визаларын беру тәртібін реттейтін негізгі құжаттардың бірі — бейресми түрде "Шенген қара тізімі" деп аталатын міндетті консультациялар тізімі. Бұл тізімге Ауғанстан, Эфиопия, Иран, Ирак, Сирия, Сомали сияқты елдермен бірге Қазақстан да кірді деген ақпарат тараған.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста