Сиыр еті деп шошқа етін жеп келіппіз

Сиыр еті деп шошқа етін жеп келіппіз

Қазақстанға Қытайдан сиыр еті деген атаумен шошқа еті әкелініп отырған. Бұл туралы «Қазақстан халал индустриясы» қауымдастығының өкілі Гүлжазира Нұралбаева «Экспресс-К» газетіне берген сұхбатында мәлім етті.
Доңыз етін сиыр етіне ұқсас етіп дайындау үшін оны сиыр етінің қоспасы араластырып жасалған арнайы ері­тіндіде екі сағаттай ұстаса жетеді екен. Егер бұл ері­тін­діге шошқа еті салынса, оның дәмі де, түсі де сиыр­дың етінен еш  айырмашылығы болмай қалатын кө­рі­н­е­ді. Мұны тек генетика деңгейіндегі терең сараптама ға­на анықтай алады. Осылайша «жалған халал» өнім экс­портқа шығарылып отырған. «Қазір бізде Қа­зақ­станға осындай ет әкелініп жатыр деген ақпарат бар. Мұ­ны, негізінен, Алматыдағы кәуап сататын дәмхана мен мейрамханалар сатып алады. Ал ондай өнім ба­зар­да сатыла ма, жоқ па – ол жағы маған белгісіз. Бі­рақ Ал­­матыда арзан кәуап сататын асханалардың кө­бейіп кетуі – осы жалған сиыр етінің әкелінуінен бе? – деп қа­ла­сың», – дейді Г.Нұралбаева. Бір өкініштісі, осы уа­қыт­­қа дейін сиыр еті деп түрлі химикаттармен өң­делген доңыз етін жеп келе жатқанын қазақстан­дық­тар біл­мей­ді екен. Маманның айтуынша, әзірге осындай «жал­ған халал» бойынша қауымдастыққа еш­кім шағымданып келмеген.
Гүлжазира НҰРАЛБАЕВА, «Қазақстан халал индустриясы» қауымдастығының өкілі:
– Сонымен бірге бізге Қытайдан жасанды тауық жұ­мыртқалары әкелініп жатқаны белгілі. Онда же­ла­тиннен басқа табиғи зат жоқ, оның өзіне шош­қа­ның майын қосады. Бұл жасанды жұмыртқаны та­уықтың жұмыртқасынан айыру өте қиын. Осын­дай тауарды шекарада тексеру мүмкін емес, өйткені құ­жат бойынша сиырдың жас еті мен тауықтың жұ­мырт­қасы деп көрсетілген. Ветеринарлық дә­рі­гер­дің өзі арнайы зертхананың көмегінсіз өнімнің та­биғи екендігін анық айта алмайды. Сондықтан бұл мә­селені ертерек қолға алып, кешенді шаралар жүр­гізуіміз қажет.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста