Соңғы бес жылда Қазақстанда өлім-жітім 40% көбейді
2021 жылғы қаңтар–желтоқсанда Қазақстандла қайтыс болғандар саны 183,4 мың адамды құрады. Бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 12,8%-ға артық. 2016 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда, яғни бес жыл бұрын қайтыс болғандардың саны бірден 38,5% - ға өсті, деп хабарлайды ranking.kz.
Анықтама үшін: 2020 жылдың ұқсас кезеңінде қайтыс болғандардың саны 162,6 мың адамды құрады.
Өңірлік бөліністе қайтыс болғандардың ең көп саны Шығыс Қазақстан облысына тиесілі: 18,8 мың адам — бір жыл бұрынғыға қарағанда 13,1% - ға көп. Одан кейін Алматы облысы (18,7 мың адам, плюс 15,3%) және Алматы (18,4 мың адам, плюс 25,6%). Қайтыс болғандар ең аз тіркелген Маңғыстау облысы: 4,5 мың адам — бір жыл бұрынғыға қарағанда 6,4%- ға көп.
Қайтыс болғандар санының ең көп өсуі Алматыда, ең азы Түркістан облысында байқалады (жылына 4,3% -ға 13,6 мың адамға дейін). 17 өңірдің тек біреуінде — Қызылорда облысында қайтыс болғандар саны бір жылда 4,2% -ға, 5,8 мың адамға дейін қысқарды.
Әлемде өршіп тұрған коронавирусқа қарамастан, Қазақстанда ресми деректер бойынша көбінесе қан айналымы жүйесі ауруларынан қайтыс болды. Олардың саны 43,4 мың адам. Бір жыл бұрынғыға қарағанда бірден 18,6% - ға көп.