Сот 13 жасар қызды зорлады деген күдіктіні ақтап шығарды

Сот 13 жасар қызды зорлады деген күдіктіні ақтап шығарды

Атырау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында ҚР ҚК-нің 120-бабының 4-бөлігі («кәмелетке толмаған адамды зорлау») бойынша айыпталған 18 жасар сотталушыға қатысты ақтау үкімі шығарылды, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі Аzh.kz-ке сілтеме жасап.

2021 жылдың тамыз айында 13 жасар Атырау тұрғыны әлеуметтік желілер арқылы сотталушы А.-мен танысып, өзін 18 жастағы қыз ретінде таныстырып, хат жазысады.

 

- Сол айда олар алдын-ала келісілген пәтерде кездесіп, өзара келісім бойынша жыныстық қатынасқа түскен. Жәбірленуші кездесу мақсатын алдын-ала біліп, өзімен бірге контрацепция мен түнгі көйлегін алып келген. Істі қарау барысында жәбірленушіде дене жарақаттарының болмағаны анықталды, - деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

 

Прокурор сотталушыны кінәлі деп танып, оған 20 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі қатал жаза тағайындауды сұрады. Бірақ жәбірленуші сотталушымен 18 жасар қыз ретінде танысқанын және жыныстық қатынасқа өз қалауы бойынша түскенін айтып растады. Жәбірленушінің заңды өкілі – анасы айыпты қолдамай, ақтау үкімін шығаруды сұрады. Өз кезегінде сотталушы А. жәбірленушінің шынайы жасын білмегенін, жыныстық қатынасқа өз еріктерімен түскенін айтып, ақтау үкімін шығаруды сұрады. Сот сотталушы А.-ның іс-әрекеттерінде ҚК-тің 120-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты ақтау үкімін шығарды. 

 

Сондай-ақ, сот сотталушыны бір жылдан астам уақыт заңсыз қылмыстық қудалағаны үшін Атырау облысы прокуратурасының қылмыстық қудалау басқармасының атына жеке қаулы шығарды. 

 

Ал бұрынғы сотталушы мен оның адвокаты судья Зарема ХАМИДУЛЛИНАҒА істі объективті және ұқыптылықпен қарағаны үшін алғыс білдірді.

 

Материалды көшіріп басқанда және басқаша пайдалану кезінде azh.kz сайтына гиперсілтеме міндетті түрде қойылуы тиіс. Сондай-ақ ВК, Instagram пабликтерінде жариялауға тыйым салынады.

 

 

 

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста