Сотталғандар «сақина» тақпақ

Сотталғандар «сақина» тақпақ

Мұндай шара Елбасының «Қазақстан Республикасында құқық қорғау қызметі мен сот жүйесінің тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығын жүзеге асыру аясында атқарылады. Әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбеттің айтуынша, қазіргі таңда бостандықтарын шектеуге және шартты негізде сотталғандарға бақылау жасау үшін «электронды білезіктерді» енгізуге қатысты арнайы заң жобасы әзірленуде.

«Алайда «электронды білезікті» енгізу үшін әлі де қаржылық шығын нақты есептелген жоқ. Қажетті шаралар жасалса, бақылаудың мұндай түрі кейінірек енгізілмек. Бірақ оны жүзеге асыру мерзімі 2015 жылдың қаңтарынан кешіктірілмейді», – деді ресми өкіл журналистермен болған брифингте. Оның сөзіне қарағанда, бүгінде қазақстандық мамандар мұндай жүйені қолданатын елдердің тәжірибесімен таныса бастаған. Ал бір «білезіктің» құны шамамен 60-70 мың теңге тартады. Сонымен қатар әлгіндей «білезіктің» қолға және аяққа киілетін екі түрі болатын көрінеді. Сондықтан да қазақстандық тарап мұндай жүйенің қайсысы тиімді екенін жан-жақты зерделеп, сосын барып қаржылық шығындарын анықтауға кіріседі. Жалпы, «электронды білезік» арқылы сотталғандарды бақылау тәжірибесі АҚШ пен Еуроодақ елдерінде кеңінен қолданылады.
Айтпақшы, Ақмола облысының Гранитный кентіндегі түрмеде орын алған бүліншіліктен кейін елдегі бас бостандығынан айыру орындарында біршама өзгерістер орын алып жатқанға ұқсайды. Мәселен, қазір облыстардағы абақтыларда сотталғандарды бір камерада ұстау жүйесі енгізілген. Бұдан бөлек колониялардағы жағдайды үнемі бақылауда ұстау үшін қоғамдық қадағалау комиссиялары жұмыс істейтін болады. Естеріңізге салсақ, ел түрмелерін тексеруге құқы болатын мұндай комиссияны құру туралы ұсыныс ЕҚЫҰ тарапынан түскен болатын.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста