Сотталушының азаматтығынан айырылуы оның туған-туыстарына зардап тигізбейді

Сотталушының азаматтығынан айырылуы оның туған-туыстарына зардап тигізбейді

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жұмыс тобы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне оларды Қазақстан Республикасы Конституциясының нормаларына сәйкес келтіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР заңының жобасы талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Талқылау аясында БАҚ өкілдеріне сұхбат берген Мәжіліс депутаты Мансұрхан Махамбетовтің айтуынша, бұл заң жобасы қолданыс аясындағы 7 Кодекске және 46 Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізуді қарастырады.

«Заң жобасында аса ауыр қылмыс жасағандарға жазаның бір түрі ретінде -оларды азаматтығынан айыру қарастырылуда. Мұндай жаза бірнеше бапта көзделген. Олардың барлығы да ауыр қылмыстарға қатысты. Яғни, мемлекеттің тұрақтылығы мен қауіпсіздігіне қарсы бағытталған экстремизм, терроризм сынды ауыр қылмыстарға қолданылады. Бұл жазаны сотталушыға қолдану мәселесін сот шешеді. Сотталушыны азаматтығынан айыру немесе басқа жаза тағайындау соттың өкілеттігіне жатады», - деді депутат.

Махамбетовтің айтуынша, егер сотталушы азаматтығынан айырылатын болса онда мемлекет пен оның арасындағы саяси-құқықтық байланыс қысқарады. Демек ол Қазақстандағы құқықтық, әлеуметтік және басқа да мүмкіншіліктерінен айрылады.

«Бұл ретте айта кетерлігі, сотталушының азаматтығынан айырылуы оның туған-туыстарына, яғни балаларына, әке-шешесіне мемлекет тарабынан не болмаса істі қараған сот тарабынан зардабы болмайды», - деді Махамбетов.

Автор: Марлан Жиембай

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста