ШҚО-да 52 жастағы тоқымашы ер адам талантымен көпшілікті тәнті етуде

ШҚО-да 52 жастағы тоқымашы ер адам талантымен көпшілікті тәнті етуде

ШҚО-да 52 жастағы ер азамат тоқыма тоқып, тұрғындарды талантымен тәнті етіп жүр. Бала кезден қолөнерге әуес болған Александр Гармашов мұндай қызығушылығын көпке дейін жұрттан жасырып келген, деп хабарлайды Хабар24.

Телеарнаның хабарлауынша, Александр Гармашовтың тоқуға деген қызығушылығы 5 жасында оянған. Бүгінде Александрда тоқуға керек заттың бәрі бар. Арасында темірден жасап алған ескі біздері де кездестіруге болады. Александар бастапқыда бұл өнерін көпшілікке көрсетуге қатты қысылған. Қазір бұйымдары  әлеуметтік желіде танымал. Оған ұл-қызы қолдау көрсеткен. "Бұл өнеріңізді әлеуметтік желіге салайық, елге көрсетейік деп ең алдымен қызым ұсыныс жасады. Мен бірден келіскен жоқпын. Өйткені қоғам қалай қабылдар екен, балаларымның бетіне басар ма екен деп жасқандым. Олардың пікірін тыңдап, қолдауын сезген соң ғана әлеуметтік парақшада насихаттауға рұқсат бердім", - дейді Шемонайха қаласының тұрғыны Александр Гармашов. Александрдың қызы Кристинаның айтуынша, әкесінің еңбегін әлеуметтік желіде насихаттауға тұрғындардың өзі себепші болған. "Осы киімдерді киіп шықсам болды бәрі қызығып, қайдан алдың деп сұрай кетеді. Ғаламтордан сәнге айналған киім көрсем болды, әкеме айтамын. Тоқып береді", - дейді Ксения Андронова. 

Хабар24.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста