СҚО-да еңбек жастарына берілуі тиіс жатақхананы пара бергендерге таратқан шенеунік жазаға тартылды

СҚО-да еңбек жастарына берілуі тиіс жатақхананы пара бергендерге таратқан шенеунік жазаға тартылды

Экс-директор өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 8 жылға қамалды

Петропавлда еңбек жастарына берілуі тиіс жатақхананы параға оңды-солды таратқан Жұмыспен қамту орталығының директоры, оның екі сыбайласы және пәтерлерді заңсыз алмақ болған 10 адам жазаланды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

 
Ұсынылған мәліметке сүйенсек, Петропавлда бірнеше рет пара алу фактісі бойынша халықты Жұмыспен қамту орталығы директорына қатысты қылмыстық іске қатысты ұсыным қаралды.

 СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің басшысы Жарқын Ғалымовтың айтуынша, мемлекеттік бағдарлама аясында 29 жасқа дейінгі еңбек жастарына берілуі тиіс жатақханалардағы пәтерлер 2020 жылдың мамырынан 2021 жылдың ақпанына дейін заңсыз беріліп келген.

 «9 ай ішінде қалалық Жұмыспен қамту орталығының басшысы екі ЖШС өкілдерімен еңбек жастарынан 5 жыл мерзімге жалға берілетін пәтерді ұсынғаны үшін жалпы сомасы 4,4 млн теңге пара алған», - деді Жарқын Ғалымов.
Петропавл қалалық соты Жұмыспен қамту орталығының экс-директорына және пара алу фактілері бойынша оның екі сыбайласына сот үкімін шығарды. Экс-директор өмір бойы мемлекеттік қызмет атқару құқығынан айырыла отырып, 8 жылға қамалды. Оның «көмекшілері», яғни ЖШС өкілдері әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Қылмыстық әрекетін жүзеге асыру үшін орталық директоры бірге істемейтін екі адамды тартқан. Олардың міндеті - жұмыспен қамту жол картасы және «Еңбек» мемлекеттік бағдарламаларының қолданылу аясына кіретін, тұрғын үйге мұқтаж адамдарды іздеу және оларға пәтер бергені үшін сыйақы алу болған. Әр берілген пәтер үшін бұл топ 200-800 мың теңге заңсыз ақы алған. Тергеу барысында жалған еңбек шарттарын және әлеуметтік келісімшарттарды ұсыну арқылы 5 адамның пәтерлерді заңсыз алғаны анықталды. Пәтер алған 2 адам өтініш беру кезінде 29 жаста болған», - дейді СҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің Превенция басқармасының басшысы Дамир Хабибулин.
 Ал, жылыту маусымы аяқталысымен жастардың тағы 5 өкіліне алдын ала пара алу арқылы пәтер беру жоспарда болған. Дамир Хабибулиннің айтуынша, бүгінде жалдамалы пәтерлерді заңсыз алу үшін пара берген 10 адам жазаланды. Оларға 3 миллионнан 21,3 млн теңгеге дейін айыппұл салынды және біреуі 2 жылға бас бостандығынан айырылды.

«Сондай-ақ, қызметтік тұрғын үйді бөлу жөніндегі тұрғын үй комиссиясының отырысы формалды түрде өткізілген, жалға берілетін тұрғын үй алуға үміткер тұлғалардың өтініштерін тіркеу журналы жүргізілмеген, пәтер кілттері директордың қолында болған. Осылайша оның жалға берілетін тұрғын үйді беруде жеке-дара шешім қабылдағаны анықталды», - дейді Дамир Хабибулин.
Қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны және ведомстволық бақылауды жүргізбегені үшін қала әкімінің орынбасары тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста