СҚО-да мемлекеттік мекеме балықты өз бағасынан 6 есе қымбатқа сатып алмақ болған

СҚО-да мемлекеттік мекеме балықты өз бағасынан 6 есе қымбатқа сатып алмақ болған

Солтүстік Қазақстан облысында сотталғандарды жұмысқа орналастыратын «Еңбек-Қызылжар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының өңірдегі филиалы минтай балығының килограмын 12 мың теңгеден сатып алмақ болған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Сергей Перов мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

 
Оның айтуынша, өткен жылы Антикор мемлекеттік сатып алу бағасын негізсіз көтерудің 96 фактісін анықтап, 49 мемлекеттік органда бағаны төмендету бойынша шаралар қабылдаған. Нәтижесінде 2 млрд теңге үнемделді.

«Мәселен, «Еңбек-Қызылжар» филиалында бір килограмын 12 мың теңгеге сатып алмақ болған балықтың бағасы төмендетілді. Нәтижесінде150 млн теңге үнемделді. Мемлекеттік мекеме бағаны алты есе көтерген», - деді өңірдегі Антикор басшысы.
Осы жылдың қаңтар айында 14 мемлекеттік органға мемлекеттік сатып алу жоспарларының құнын 170 млн теңгеден астам сомаға азайту туралы 19 ұсыныс хат жіберілген.

Мәселен, Уәлиханов аудандық ауруханасы өңірде тоннасы 15 мың теңге болатын көмірдің киллограмын 10 мың теңгеден сатып алмақ болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет кіріскеннен кейін әкімші мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгерістер енгізді.

«Тайынша ауданының білім бөліміне жоспардың алты тармағын қайта қарау бойынша ұсынымдар жіберілді. Жиһаз, қазандық және оқу кабинеттерін сатып алу бағасын төмендетіп, 115 млн теңге бюджет қаражатын үнемдеуге мүмкіндік туды», - деп қорытындылады Сергей Перов.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста