Стандартқа сай келмейтін Ту мен Елтаңба қалай ауыстырылады?

Стандартқа сай келмейтін Ту мен Елтаңба қалай ауыстырылады?

Мәдениет министрлігі «Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін ҚР Мемлекеттік Туы мен Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидаларын бекіту туралы» бұйрық-жобасын көпшілік талқылауға шығарды деп хабарлады turkystan.kz.

«Қоса беріліп отырған Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою қағидалары бекітілсін. Бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін ҚР Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін», – делінген «Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатта.
Мәлім болғандай, енді Ту мен Елтаңбаны ауыстыру және жою кезінде мына ережелер сақталуға тиіс:

– Конституциялық заңға сәйкес, ҚР Мемлекеттік Туы, Мемлекеттік Елтаңбасы міндетті түрде орналастырылатын (орнатылатын, көтерілетін) мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тұрақты комиссиялары жүзеге асырады.

– ҚР Мемлекеттік Туын, ҚР Мемлекеттік Елтаңбасына қойылатын нысандардың, мөлшердің және техникалық талаптардың бұзылуы ұлттық стандарттарға сәйкес келмеу болып саналады.

– Ұлттық стандарттарға сәйкес келмейтін ҚР Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру 1 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

– ҚР Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын жою оларды қайта қолдану мүмкіндігін болдырмау мақсатында өртеу, балқыту, 2,5 шаршы сантиметрден аспайтын мөлшерде бөлшектеу, ұсақтау, қалыпсыз массаға немесе ұнтақ күйге айналдыру жолымен жүргізіледі.

Бұйрық-жобасы 27 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

turkystan.kz.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста