Судья медиатордың міндетін атқармауы керек: заңгер медиация туралы заңға өзгерістер қажет екенін айтты

Судья медиатордың міндетін атқармауы керек: заңгер медиация туралы заңға өзгерістер қажет екенін айтты

Айта кету керек өзі жетекшілік етіп отырған бірлестік биыл бас-аяғы 300-ге жуық кәсіби медиаторды даярлап шығарған. Медиатор деген кім, ол қандай істерге араласа алады, медиаторға деген талапты неге күшейту керек екенін Azattyq Ruhy тілшісіне берген сұхбатында түсіндіріп берді.

 
- Жанділдә мырза, айтыңызшы елімізде қазір қанша кәсіби медиатор бар? Олардың санын арттыру үшін сіз жетекшілік отырған қоғамдық бірлестік қандай жұмыстарды атқарып жатыр?

- Елімізде қоғамдық ұйымдардардың қатарынан табылатын, реестрда тұрған, арнайы дайындықтан өткен, сертификатталған кәсіби 3 мыңға жуық медиатор бар. Ал кәсіби емес қоғамдық медиатордың саны 2 мыңнан асады. Олар этно-мәдени орталықтардың мүшесі.

Медиатор тұлғасы тараптар таңдаған дауды реттеуге сотқа дейін, соттың кезінде, соттан тыс және сот орындаушыларының орындау өндірісі қозғалған кезде жұмыс істей алатын тұлға. Кез-келген дау бойынша жұмысын жүргізе алады. Кәсіби медиатор болу үшін олар арнайы 48 сағаттық  5 күндік дәрістен өтеді. Соңында олар сертификатқа ие болады. Олар міндетті түрде емтихан тапсырады. Биыл біздің бірлестік 300-ге жуық медиаторды оқытты.

- Сіз бұған дейін 2012 жылы Сенаттың ашық отырысында сотқа дейін міндетті медиация жүргізу тәртібін енгізуді ұсындыңыз. Содан бері не өзгерді?

- Иә, 2012 жылы Парламент Сенатының ашық отырысына шақырылдым. Ол отырыста даулардың алдын-алу туралы мәселе көтерілді. Құқық қорғау, бақылау органдарының басшылары да сонда болды. Мен шетелдік және өзімнің тәжірибеммен бөлістім.

Сонымен қатар,  міндетті түрде сотқа дейінгі медиацияның қажет екенін айттым. Кейбір елдерде дәл осы модель сәтті жұмыс істейді. Іс түскен кезде олар медиация тәсілін ұсынады. Яғни медиаторлар дауласушылармен ымыраға байланысты кездесулер жүргізеді.

Мысалы, Испанияда ешқандай тұлға сотқа немесе тергеуге бірден арыз бере алмайды. Арызды беру үшін алдымен медиатормен кездесіп, 45 минут сөйлесіп, кәсіби маманның кім, оның атқаратын жұмысы қандай екенін біліп барып, әрі қарай сотқа жүгінемін бе, әлде медиацияда қаламын ба деген нақты шешім қабылдайды. Сол формат аясында медиатор рәсімнің қандай қағидаттары бар екенін түсінеді. Егер тараптар медиацияда қалмаймын, міндетті түрде сотқа барамын десе, онда медиатор анықтама толтырып, онда шағымданушының өзі таңдау жасағанын жазады. 

- Қазақстанда судья-медиатор бар емес пе? Оның артық не кемшін тұстары қандай? Басқа елдерде мұндай формат бар ма, болса қалай жұмыс істейді?

- Иә, елімізде өкінішке қарай судья-медиатор деген тұлға бар. Дегенмен, ешқандай елде судья-медиатор деген тұлға жоқ. Себебі, медиатор тәуелсіз, бейтарап жеке тұлға. Ал судья-медиатор жеке тұлға бола алмайды. Себебі, ол біріншіден судья. Екіншіден, дауласушылар реестрден медиаторды өздері таңдауы керек. Ал судья-медиатор реестрде тұра алмайды, судья мемлекеттік тұлға. Ол шешім шығаратын тұлға. Ал медиатор шешім шығармайды. Медиатор тараптарды сол шешімге алып келеді. Кейбір кездесулерде судья-медиатор деген форматты Германиядан алды деп айтылып жатады.  Иә, онда қарастырылған. Бірақ, судья-медиатор болу үшін арнайы дайындықтан өтуі керек. Сосын оларды тараптар реестрден өздері таңдауы қажет. Бізде ондай таңдау мүмкіндігі мүлдем жоқ. Халықаралық кездесулерде басқа елдің  медиаторлары бұл модельдің қалай өтіп кеткенін сұрап, аң-таң болып жатады. Қазақстанда 70-ке жуық медиатор ұйымы бар. Олардың нақты санын кесіп айту да қиын. Беларусь елінде медиатордың сертификатын Әділет министрлігі нотариуске берген сияқты оларға да береді. Ресейде де медиатор болуы үшін ұйымдар Білім министрлігінен лицензия алып, мамандарды дайындайды. Ал бізде медиаторлық сертификатты кез-келген ұйымнан алуға болады. Кейбір ұйымдар формалды түрде бере салуы да мүмкін. Соның кесірінен көптеген жағдайда медиатордың жұмысын толық білмей шығып жатады. Америка елінде де медиатор болу үшін  4 жыл арнайы институтқа барып дайындықтан өтеді.  Яғни, азамат заңгер деген мамандықты меңгерді деген бір диплом, кәсіби медиатор деген екінші дипломды алып шығады. Ал бізде 5 күннің ішінде дайындап шығару өте қиын. Сондықтан біз, олардың қайта даярлау курстарынын өтіп тұруы керек екенін айтып жатамыз. Олардың  даудың барасында қолданатын құралдары, тактикалары өте көп. Сондықтан, судья-медиатор дегеннің болғанына қарсымын.

Медиация заңының соңғы өзгерістерінде 2020 жылдан бастап Сенат пен Мәжілісте де жұмыс тобы құрылды. Сол жерде мынандай норманы қостық. Ол норма бойынша медиатор ешқандай кеңес беруге, ұсыныс айтуға құқығы жоқ. Оларды шетелдерде де «үндемес  сарапшы» дейді.

- Жыл сайын елімізде қанша дау медиация жолымен шешіледі? Соның ішінде «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің үлесі қандай?

- 2012-2013 жылдары егер сотқа түскен даулардың небәрі  0,1 пайызына медиация жүргізілсе, бүгінгі күні статистика әртүрлі. Кейбір өңірлерде сотқа түскен даулардың кем дегенде 3 пайызы ымыра жолымен шешіліп жатыр. Ал біздің ұйымға келсек, карантин басталғанға дейін, яғни 2011 мен 2019 жыл аралығында жыл сайын мыңнан аса дау медиация жолымен шешілді. Ал қатаң карантин кезінінің басында медиация рәсімінің саны аз болғанымен, даудың құны бойынша көлемді болды. 2020 жылы 1 мың 800 дауға, 2021 жылы 2 мыңға жуық дауға медиация жүргізілді. Медиация сыбайлас жемқорлықтан басқа барлық  дауға араласа алады.

- «Халықаралық құқық қорғау орталығы» қоғамдық бірлестігінің  жаңа ұсынысы бар ма?

 - Менің тарапымнан ұсыныс мынадай:  жаңа айтып өткендей, елімізде медиаторлар 5 күндік дәрістен өтіп, сертификат алады. Олардың барлығы да жылдап жұмыс істей береді. Егер тура осы мәселеге нотариустардың, сот орындаушылардың, заң кеңесшілерінің көзімен қарасақ олар жыл сайын дәрежесін өсіру үшін арнайы курстардан өтеді. Қырғызстанның өзінде медиатор екі жыл сайын міндетті түрде дәрежесін өсіріп тұруы керек. Сондай жағдайда ғана медиаторлар нотариус, адвокаттар секілді білімін ұдайы жетілдіріп отырғанда тараптарға көмегін бере алады. Егер медиатор жыл сайын дәрежесін өсірмесе, біліктілігі нашарлап кәсіби көмек бере алмайды. Осы ең өзекті мәселені реттеуіміз керек. Сондай-ақ, міндетті түрде медиатор дайындайтын жаттықтырушы да кәсіби деңгейде өсуі қажет. Яғни, дау-дамайларға тікелей араласып жүруі керек. Осы мәселеге назар аудару қажет. Ал қоғамдық кәсіби емес медиаторлардың даулы мәселеге араласуына тосқауыл қою керек. Өйткені, сертификатталған мамандар дау барысында 13-14 құжатты өзі толтыруы қажет. Мұны қоғамдық медиаторлар мен судья-медиаторлар жасай алмайды. Олар тек келісім тудыра салады. Ал медиация заңының 20 бабында тараптар ортақ медиация туралы шартқа қол қояды деп жазылған. Ал бұл келісім-шартты қоғамдық медиаторлардың толтыруға құқы жоқ.

- Уақыт бөліп, сұхбат бергеніңізге рақмет!

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста