Суға түсу маусымына орай жетісайлық полицейлер тұрғындарға түсіндірме жұмыстарын жүргізуде
Жаз мезгілінің алғашқы күнінен бастап-ақ еліміздің барлық өңірінде суға түсу маусымы басталады. Түркістан облысында да бұл маусымда жағажайлардан адам толастамайтыны анық. Осыған орай Жетісай АПБ қызметкерлері тарапынан көпшілік шоғырланатын жерлерде, жазғы шомылу орындары мен жағажайларда, каналдарда қауіпсіздік ережелерін түсіндіру, ақпараттандыру жұмыстары жұмыстары жүргізілуде.
Шараның мақсаты- төтенше жағдайды болдырмау, суға түсуге тыйым салынған аймақтарды қадағалап, азаматтардың өміріне төнер қауіптің алдын алу.
Тәртіп сақшылары аудан тұрғындарына балаларды өз бетінше каналдарға, жағажайларға жібермеу, суға түсу ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертті. Сондай-ақ тыйым салынған аймақта шомылған жағдайда әкімшілік жауапкершілік қарастырылғанын да атап өтті.
Жетісай АПБ қызметкерлері су айдындары бар орындарға патрульдеу жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп отырады. Тәртіп сақшылары тұрғындарға суға түсу маусымында құқық бұзушылық әрекетке бармай, рұқсат етілген су айдындарына баруға және суға шомыларда қауіпсіздік ережесімен толық танысып алуға кеңес береді. Себебі полицей үшін адам өмірі бәрінен маңызды.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі