"Шыдай алмадым": Атырауда полицейлердің көзінше шалбарына дәрет сындырған блогер қамауға алынды

"Шыдай алмадым": Атырауда полицейлердің көзінше шалбарына дәрет сындырған блогер қамауға алынды

Атырауда полицейлердің көзінше дәрет сындырған Қадырбай есімді блогер бес тәулікке қамауға алынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

21 наурыз күні полиция қызметкерлері блогер Қадырбай Мұханбетжанның көлігін тоқтатқан. Оған автомобилінің әйнектері қараңғыланған деп айтқан. Тексеру барысында бұл дерек расталмапты. Алайда блогердің сақтандыру полисі және техникалық байқаудан өту құжаты болмаған. 

“Көлікті әкеме сатып алынған. Мен құжаттарды ретке келтіруді ұмытып кетіппін. Бұл мені жауапкершіліктен босатпайды, мойындаймын. Толтырылған хаттамалармен келісіп, бір апта ішінде 50 пайыз жеңілдікпен айыппұлды төлеуге келісім бердім. Бірақ мені тағы бір нәрсе ашуландырды: полиция мені бір сағаттай эвакуатор күтуге мәжбүр етті. Осы уақыт ішінде мен әжетханаға барғым келді. Олар мені жібермей қойды, кетсем, бап бойынша қамауға алар еді. Мен оларға жалынуға мәжбүр болдым. Бірақ олар мүлде немқұрайдық танытты, жанашырлық танытпады”, – дейді блогер. 

Айтуынша, эвакуаторды жарты сағат күткен соң, полицейлердің біреуін жақын маңдағы қонақүйге баруға көндірген.

“Алайда ғимаратта ешкім болмады, ол жерден кетіп қалдық. Көлікке оралғанымызда эвакуатор әлі келмегенін байқадым. Кейін олардан қызметтік көлігімен полиция бөлімшесіне жеткізуді өтіндім. Олар бас тартты. Содан шыдай алмай, шалбарыма жіберіп қойдым. Дәлел ретінде белбеуімді шешіп, оларға көрсеттім. Сол үшін бес тәулікке қамауға алындым", - деді блогер.

Қадырбай Мұханбетжан көп күткен эвакуатордың жеке тасымалдаушы болып шыққанын, ол көзбен қарағанда полицияның арнайы техникасына ұқсамайтынын айтты.

Осыған байланысты Атырау облыстық полиция департаменті пікір білдірді.

"Ер адамның қоғамдық орында дәрет сындырғаны тексерілді. Оқиға 21 наурызда сағат 18:00 шамасында болды. Жол қозғалысына қатысты құқық бұзушылықтарға байланысты жүргізушіге қатысты хаттама толтырылды.

Көлікті арнайы тұраққа апару кезінде жүргізуші дәретханаға барғысы келетінін айтқан. Патрульдік полиция батальонының қызметкері жүргізушіні аялдама маңында орналасқан қонақүйге шақырған. Алайда жүргізуші қонақүйге кіргеннен кейін дәретханаға кіруден бас тартты. Кейін ер адам дәрет сындырып, қоғамдық орында киімін шеше бастаған", - деді облыстық ПД баспасөз қызметі өкілдері.

Тәртіп сақшылары жүргізушіге қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 434, 230 және 590-баптары бойынша үш хаттама толтырылғанын қосты. Сот шешімі бойынша ол бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынды.
 
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста