Шығыс Қазақстанда 16 жастағы жеткіншек өз әкесінен жүкті болып қалды

Шығыс Қазақстанда 16 жастағы жеткіншек өз әкесінен жүкті болып қалды

Шығыс Қазақстан облысында әкесі өзінің кәмелет жасқа толмаған туған қызын үш жыл бойы зорлап келіп, екінші қызына да тиісуге кіріскен. Медициналық тексеріс қыздарының бірі жүкті болып қалғанын анықтады.
Бұл туралы Times.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

ШҚО-да 5 қызды тәрбиелеп отырған отбасының жағдайы жақсы болатын. Қыздар сабақты жақсы оқып, ата-аналарына көмек көрсетіп отыратын.

Алайда үлкен қызы 16 жасқа келгенде бұл мамыражай өмір жантүршігерлік жағдайларға ұласады. Оны туған әкесі зорлап тастайды. Қорқып қалған қызына әкесі: «Біреуге айтатын болсаң, өзіңе де, анаңа да ауыр тиеді!» деп қоқан-лоқы көрсеткен.

Үш жыл бойы әкесі зорлап келгені туралы жеткіншек ешкімге тіс жармаған.

Жазасыз білгенін істеп келген ер кісі жасы 15-ке енді келген кіші қызына да тиісе бастайды. Абырой болғанда, азғын кіші қызын зорлап үлгермеген.

Медициналық тексеріс кезінде үлкен қызының аяғы ауыр екені анықталады. Жеткіншек баланың әкесі өзінің туған әкесі екенін айтқан. Молекулярлы-генетикалық сараптама қыздың сөзін растады. Медициналық көрсеткіштерден кейін жеткіншекке түсік жасатуға тура келген.

Ер кісі өз кінәсін жартылай ғана мойындап отыр. Ол қызын мас күйінде тек бір рет абайсызда зорладым деп ақталған. Алайда іс материалдарына сәйкес жиналған дәлелдер бұл сөзді теріске шығарды.

Сотта болған жайттан есеңгіреген қыздардың анасы күйеуіне ең ауыр жаза тағайындауды сұрады.

«Сот айыпталушыны кінәлі деп тауып, оған 17 жыл қатаң режимдегі колонияда бас бостандығынан айрыу жазасын тағайындады”, – дейді ШҚО қылмыстық істер бойынша мамандандырылған аудандық соттың төрағасы Әділ Бакин.

Сотталушы жазаны жеңілдеттіру үшін шағым түсірмек. 

nur.kz

 

 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста