Шымкентте «AMANAT» партиясының республикалық сайлауалды штабы тұрғындармен кездесті
Шымкент қаласына сапармен келген «AMANAT» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшелері мен Шымкент қалалық мәслихат депуттаттығына үміткерлер жұмыспен қамту орталығының қызметкерлерімен және халықпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
Жиын барысында алдағы келе жетқан сайлаудың маңыздылығы айтылды. Спикерлердің сөзінше, бұл саяси науқанның мемлекет пен қоғам үшін де, әр отбасы мен әр азаматтың болашағы үшін де маңызы зор, мәні терең.
Үгіт-насихат науқаны басталғанда «AMANAT» партиясы сайлауалды бағдарламасын жариялады. Әр облыстың, қаланың демографиялық, әлеуметтік және экономикалық ерекшелігі ескеріле отырып, 20 аймақтық сайлауалды бағдарлама әзірленген. Олардың әрқайсысында 10 негізгі бағыт айқындалды. Оның ішінде әртүрлі салалар қамтылды. Әлі де шешілмеген мәселелер жеткілікті. Аманаттықтар әділетті қоғам құруды көздейді.
Кандидаттар Отанымыздың ертеңіне бей-жай қарамайтын барлық қазақстандықты алдағы сайлауға белсене қатысып, «AMANAT» партиясына дауыс беруге шақырды. Кездесу барысында Шымкент қалалық мәслихатына үміткерлер сұрақтарға жауап беріп, түрлі тақырыптар бойынша ойларын ортаға салды.Шымкент қаласы мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «AMANAT» партиясы Сайлау қорының қаражатынан төленді.