Шымкентте мүгедектерге арналған пандус ұрланды

Шымкентте мүгедектерге арналған пандус ұрланды

Анықталғандай, күдікті ұрланған пандусты сатып үлгерген.

Шымкентте мүгедектерге арналған темір пандусты ұрлаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияға сұлулық салонының иесі арызданған. Айтуынша, белгісіз біреулер баспалдаққа орнатылған мүгедектерге арналған темір пандусты ұрлап кеткен.

Бұл факті Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) бойынша тіркелді. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында салонға жақын маңдағы бейнебақылау камералары зерделенді.

"Нәтижесінде ұрлыққа қатысы бар азаматтың жеке басы анықталып, ол үйінде ұсталды. Анықталғандай, күдікті ұрланған пандусты сатып үлгерген", - деп мәлімдеді полициядағылар.

Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. Мүгедектерге арналған темір пандус кәсіпкерге қайтарылды.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста