Шымкентте "Ордабасы" және "Ақтөбе" футбол клубтарының жанкүйерлері төбелес ұйымдастырған
Шымкентте "Ордабасы" футбол клубының жанкүйерлері бір кафенің жанында "Ақтөбе" жанкүйерлерімен төбелесті. Полиция сол жерге барып, бүлік салғандарды ұстады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Еңбекші РУП-тың 102 пультіне Уәлиханов көшесіндегі "Прага" кафесінің жанында ер адамдар төбелесіп жатқаны туралы хабарлама келіп түсті.
"Оқиға орнына бірден полицияның патрульдік нарядтары мен жедел-тергеу тобы келді. "Ордабасы" мен "Ақтөбе" футбол командаларының жанкүйерлері арасында орын алғаны анықталды.
Осы уақытта полиция бөліміне 20 адам жеткізілді. Полицейлер оқиғаның барлық мән-жайларын анықтайды”, – деп мәлімдеді Шымкент қаласының ПД.
Қазақстанпремьер-лигасының "Ордабасы" - "Ақтөбе" футбол матчы 9 сәуірде жергілікті уақыт бойынша сағат 21:00-де басталады.