Шымкентте жауын салдарынан көшелерді су басты

Шымкентте жауын салдарынан көшелерді су басты

Шымкентте бірнеше күн бойы толассыз жауған нөсер салдарынан ондаған көшенің ауласын су басып қалды. Күн райының қолайсыздығы жұртты әбігерге салып, қозғалысты қиындатып жіберген.

 

Мамандардың айтуынша, жолды тазартуға арналған техникалар күндіз-түні жұмыс істеп жатыр. Ал бұл мәселе қашан толыққанды шешіледі?

 

«Қызылжар» шағынауданындағы Арыстан Баб көшесі Шымкенттегі ауласын су басқан жүздеген көшенің бірі ғана. Қазірде толассыз жауған жауын-шашын салдарынан мұндағы тұрғындар үйінен шыға алмай отыр деуге болады. Сондықтан амалдың жоқтығынан тізеден су кешуге мәжбүр.

 

Жиналғандар су баспанаға кіріп, қора-қопсыны да алып кететінін айтады. Шағымымызды айтып, тиісті мекемелерге барсақ, құрғақ уәдені үйіп-төгіп шығарып салады дейді.

 

Гүлстан Мұсаева, Шымкент қаласының тұрғыны:

 

«15 жыл болды, күніміз осы, әр жаққа звондаймыз, айтамыз. Ешкім тыңдамайды, далаға шыға алмаймыз. Қар жауса, лайға батып кетеміз, көрінбейді асты су екені. Өткенде өзіміз водовоз шақырып, тартқыздық. Әрқайсысымыз ақша жинап, тартқыздық, қашанға дейін үйте береміз».

 

Су басқан көшелер мен жолдарды қаланың көптеген жерден кездестіруге болады. Әсіресе суды әрлі-берлі кешкен жеңіл көліктер үшін жол қозғалысы қиындық туғызуда. Жауаптылар суды соруға арналған техника тәулік бойы жұмыс істеп жатқанымен, ол жеткіліксіз дейді. Сол себепті су алған көшенің бойынан арық жүргізу ісін қолға алатындықтарын айтады.

 

Оңғар Әбілқайыр, Абай ауданы әкімшілігінің бөлім басшысы:

 

«2022 жылы су алатын 18 көшеге жобалық – сметалық құжаттама әзірлеп, экономика басқармасына ұсындық. Ол қаржылық қолдау тауып, 170 млн. осы жылға қарастырылып отыр. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсына бердік, енді мердігер анықталғаннан кейін осы жылдың көктем айларында құрылыс жұмыстарын бастап 18 нүктені аяқтаймыз».

 

Жалпы Абай ауданында 60-қа жуық су алып жатқан көше бар. Ондағы аумақты тазарту мақсатында 34 арнайы техника жұмылдырылған.

 

 

 

kz.otyrar.kz

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста