Шымкентте зілзаладан бірнеше көпқабатты үйдің қабырғасы қақыраған

Шымкентте зілзаладан бірнеше көпқабатты үйдің қабырғасы қақыраған

Шымкентте жер сілкінісінен кейін бірнеше көпқабатты үйдің қабырғасына сызат түскен. Шымсити деп аталатын шағын аудандағы тоғыз қабатты баспана бір апта бұрын болған зілзаладан бүлінген. Бұл туралы Azattyq Ruhy КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

 
Тіпті көпшілігі туыстарының үйін паналап кеткен. Ал үйді салған құрылыс компаниясы мен оны қабылдап алған шенеуніктер даурығатын дәнеңе жоқ дейді. Төрт жыл бұрын ғана берілген 96 пәтерлік бұл үй апта бұрынғы жер сілкінісіне шыдамапты. Үш балдық дүмпу кезінде қабырғалары қақырап, әу баста пайда болған сызаттар үлкейіп кеткен. Тұрғындар тіпті сапасыз үйдің қабырғасы қалай қарс айырылғаны құлаққа анық естілді деп отыр.

«Бірдеңе шытырлаған, балашағамды алып далаға шығарып үлгердім. Келсем, осындай боп жатыр. Қалай жарылғанын көрмедім. Бірақ шытырлаған дауыс естілді»
Тұрғындар сызаттан жел гулегесін, жарықтың бетіне скотч жабыстырып тастаған. Жер сілкінісі болғалы тұрғындар әбден қорқып қалған.

«Жер сілкінген күні жаман қорықтық. Мына үйдің бәрі сықырлап, шынын айтқанда, балашағаны алып қалай далаға шыққанымызды білмейміз. Қазір мына үйге кіруге қорқамыз. Мына жерде жүргендердің бәрі тек баратын жері жоқтар. Әйтпесе, барлығы қашып кетіп қалған. Не істерімізді білмейміз, бәрі сықырлап жарылып жатыр», - дейді Шымкент тұрғыны Құралай Сағындықова.
Пәтерлерін 15 жылға ипотекаға алған жұрт қарызды төлеп біткенше, үй құлап қала ма деп қорқады. Үйді салған мердігер бес жылға дейін кем-кетігін жасап беруге кепіл берген. Ол мерзім биыл жыл соңында аяқталады.

«Төрт жылда мынау қартадан тұрғызылғандай құлап жатыр, мына үйге адам тұрады деп айта алмаймын. Мынау үй құлайды, Үш баллға құлап жатқан. 4 балл болса, Түркиядан бетер боламыз. Балашағамызға кім жауап береді?! Басында қатырмаған, енді қатырады деп ойламаймын. Бұл үйге біздің талабымыз – сарапшы шақырып, ішін, бәрін көрсін», - дейді Шымкент тұрғыны Шолпан Құртанова.
Баспана салған құрылыс компаниясы мен оны қабылдап алған шенеуніктер үй 8 балл дүмпуге шыдас береді деп отыр. Ал қабырғалардың жарылуын «заңдылық» дейді. Сондықтан ақауын анықтап, бүлінген пәтерлерді жөндеп бермекші.

«Қирап қалмайды, себебі, айтып жатырмын ғой, өзі қаңқасы монолит, сегіз баллға есептелген. Енді, Құдай сақтасын, ондай жер сілкінісі болса, жалғыз бұл емес, сызат болмауды ешкім неғыла алмайды ғой, кепілдік бере алмайды ғой. Өйткені қабырғаның өзі ДСП панель, төбесінде монолит түйіскен жерінен саңылау болады. Ол арнайы құрылыс көбігі, жер сілкінсе ойнап тұрады, құламау үшін», - дейді Шымкент құрылыс басқармасы басшысының орынбасары Ердәулет Әжібаев.
Үйдің сапалы екені туралы техникалық сараптама қортындысы да бар екен. Бірақ шенеуніктердің сөзінен гөрі, өз көзіне сенген тұрғындар тәуелсіз сарапшы шақырып, қаншалықты қауіпсіз екенін тексертіп алмақшы.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста