Шымкенттік дәрігерлерге кісі өлімі шыбын шаққандай әсер етпегені ме?

Шымкенттік дәрігерлерге кісі өлімі шыбын шаққандай әсер етпегені ме?

Жуырда Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасында 30 жастағы келіншек қайтыс болды. Әрине, ауруханада адам өлгені – ішек тарта таңғалып, жаға ұстататын жағдай емес. Ақ халаттылардың айтуынша, ол күнделікті оқиға екен. Дегенмен бұл өлімнің басқа өлімнен өзгешелігі болып тұр. Мәселе – осында.
Мәселенің мән-жайы түсінікті болу үшін әлқиссаны марқұмның туысының әңгімесінен бастағанды жөн көрдік.

Ахмет, марқұмның туысы:
– Ана шіркіннен айырылу оңай ма, байғұстың артында шыр-шыр етіп аңыраған төрт бірдей пер­зенті жетім қалды. Шымкент қалалық жедел жәрдем ауруханасында қайтыс болған оған қырым қанды безгегі жұқпаған болса, неге мәйітті бірден бермейді? Жуындырып, арулап жерлейтін едік. Олар өйткен жоқ, мәйітті қолымызға кеш бергендері аздай, залалсыздандырып, целлофанға орап әкеліпті. Оны үйге де кіргізген жоқпыз, сыртта тұрған күйі жаназасын шығарып, жерледік. Дәрі­гер­лердің барлығы маска киіп алған. Бұлайша қат­ты сақтанғандарының өзінен күдік алады екенсің. Біз­дің білетініміз – ол кенеден келген кеселден өлді, басқа ешқандай қауіпті ауруын білмейміз. Кене қызын шаққан, сөйтіп, ол жедел жәрдемге хабарласқан, ондағылар «кене тұрған жерге май құй да, пинцетпен алып таста» деген. Бұл соны істеген. Кейін баласын дәрігерлерге көрсеткен. Осы уақытта марқұмның өзіне «сені де медицина­лық тексеруден өткізейік немесе үйіңді залалсыз­дандырайық» деп, ешқандай дәрігер айтпаған.
Алайда марқұмның өліміне қырым қанды безгегі себеп болмағанын санэпидемиологтер ресми түрде растап отыр. Ал марқұмның туыстары «болмаса мә­йіт­ке сараптама жасатсын, сол кезде неден қайтыс болғаны нақты анықталады» дейді.
Қыршын жастың өмірі қалай қиылғаны жайлы қанша қиылып сұрағанымызбен, Шым­кент қалалық жедел жәрдем ауру­ха­насы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орын­басары Владимир Нарыжный «бар­лық ақпарат мен арқылы өтетін болсын» де­ген бастығының тапсырмасына сәйкес тікелей өзіне қатысты мәселе болса да бәрібір тіл қата алмайтынын ашып айтты. Ал бас дәрігер Мәди Бигалиевпен тілдес­кенімізде:
– Кім өлмей жатыр? Бұл ауруханада күн сайын қаншама адам жан тапсырады. Ал қырым қанды безгегінен адам өліпті дегенді бірінші рет естіп отырмын. Мә­с­кеуде тауықты сауып жатыр деп айтуда, барса, тауықта емшек жоқ екен. Әркім әр нәрсені айта береді ғой, – деп тым жайбарақаттық танытқанына таңдандық.
Бас дәрігердің жылайтын жайтқа ешбір өкінбей, әңгімені әзілге бұрғанын түсін­бедік. Оның ажал тырнағына іліккен ауру­дың диагнозын қаншалықты жасырып айт­пағанын кім білсін, бірақ бұқаралық ақ­парат құралдарын шулатып үлгерген, бас­қарма басшыларына дейін біліп отыр­ған ақпаратты алғаш мәрте естіген сыңай танытып, не көпе-көрнеу көзбояушылыққа барғанын, не өзі басқаратын ауруханада қандай жағдай болып жатқанынан мүлдем бейхабар екенін ажырата алмадық. Осыдан кейін марқұмның туысқандарының «өлген адамның қырым қанды безгегіне шалдыққанын дәрігерлер жасырып отыр ма?» деген сауалдары бекер емес пе дейтін ой келіп, күдік қоюлана түспей ме? Бас дәрігер ештеңе білмесе, облыстық денсау­лық сақтау басқармасы бастығының орын­басары Ғалымжан Әбішке ресми мәлімет беріл­месе, ол шулы ақпараттың анық-қа­нығын түнде түс көріп біліп пе? Онымен де сөйлестік.
Ғалымжан Әбіш, облыстық денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары:
– Науқас Шымкент қалалық жедел жәр­дем ауруханасына мамырдың 28-і күні түсіп, комада жатқан. Тиісті анализдер алы­нып, қосымша зерттеулер жүргіздік. Алға­шын­да қырым қанды безгегіне күдік бол­ға­нымен, ол расталмады. Теріс нәтиже бер­ді. 30 мамыр күні кешке қайтыс болған­нан кейін мәйітке медициналық сараптама жүр­гізілді. Шоктан қайтыс болған деген қо­ры­тынды жасалды. Мар­құм­ның ауруы­ның клиникалық белгілері қы­рым қанды безгегіне ұқсас болғаны рас, қан көп кет­кен, бірақ мұндай белгілер қы­рым қанды безгегіне ғана емес, өзге ау­руларға да тән. Қызының үстінен кене алып, езген деген мәлімет бар. Бірақ, онда еш­қандай қауіп белгілері жоқ, ол дәрі­гер­лердің бақыла­уында. Ауруханада мар­құм­мен байланыста болған дәрігерлер, оны осын­да жеткізген жедел жәрдем қызмет­кер­лері мен туған-туыстары дәрігерлік бақы­лауға алынды. Ауруханаға жеткізілер­ден бірнеше күн бұрын науқастанған ол үйінде өздігінше ем қабылдаған. Ал қан­дай дәрі-дәрмек қа­был­дағанын біл­мей­міз.
Денсаулық сақтау басқармасы бас­ты­ғы­ның орынбасары Ғ.Әбіш сөзінің соңын осы­лайша «білмейміз» деп бітірді. Өкі­ніш­ке қарай, облыстық санитарлық-эпи­де­мио­логиялық қадағалау департа­менті бас­тығының орынбасары Жұмағұл Ме­детов те сөзін «білмедім» деумен аяқ­тады.
Жұмағұл Медетов, облыстық санитар­лық эпидемиологиялық қадағалау департаменті бастығының орынбасары:
– Марқұмның қайтыс болуына қырым қанды безгегі себеп болмаған. Біз оның қанын да, материалын да алып, лабора­то­риялық зерттеуден өткіздік, күдік анық­тал­ған жоқ. Ал дәрігерлердің мәйітті залал­сыздандырып, туған-туысқандарына оны ашуға неліктен рұқсат бермегенін білме­дім.
Ақ халаттылар мен марқұмның туыс­тары­ның арасында пікір қайшылығы нелік­тен туындап тұр? Олар неге ортақ байламға кел­мейді? Әрине, марқұмның туыстарының айт­қандары нақты дәлелдермен расталған ресми мәлімет емес. Дәрігерлерді де нақты дәлелдің жоқтығынан «ауруды жасырып отыр» деп ашық айыптаудан аулақпыз. Алай­да күдік келтіретіндей де себептер аз бол­май тұр.
Жалпы, жалған диагноз қою, адамның қандай аурудан өлгенін жасыру фактілері осы кезге дейін тәжірибеде аз кездеспеген. Ең өкініштісі, осы жасырулардың барлығы қайғымен аяқталып, үлкен дауға ұласумен келеді. Ендеше, жасырудан ұтқанымыз қай­сы? Керісінше, қайғы қоюлана түспей ме? Еске түсіріп көрейікші, кезінде облыста ғана емес, республика көлемінде үлкен дүрбелең туғызған балалар арасындағы ВИЧ дертінің өршуіне бірінші кезекте ау­руды жасыру әрекеті себеп болған-ды. Сал­дары не болды? Облыс әкімінен бастап ден­саулық сақтау басқармасының бастығы, бір­қатар қызметкерлері қызметінен кетіп, кі­нәлілер сотты болды. Ең өкініштісі, қан­шама бейкүнә сәби жазылмас дертке ду­шар болды.
Екі жыл бұрын Түркістан қаласында қырым-конго қанды безгегіне шалдыққан ауру­ға жалған диагноз қою, аурудың шын себеп-салдарын жасыру салдарынан қа­уіп­ті ке­сел­ді жұқтырған қаншама адам қай­тыс бол­ды. Оның ішінде аурумен алыс­қан дәрі­гер де бар. Осы оқиғаға орай тексеру жүргізген облыстық проку­ра­тура қызмет­кер­лері бұл қайғылы оқи­ғаларға дәрігер­лер­дің дұрыс диагноз қоймағаны себеп болғанын ашық айтты. Үлкен дауға ұлас­қан бұл іске еліміздің сол кездегі бас про­ку­роры Қайрат Мәми де араласып, оның арнайы қаулысымен ве­домст­воаралық комиссия құрылып, тек­серу жүргізген еді. Тергеу анық­та­ғанын­дай, марқұмдардың өліміне себеп болды деген диагноздардың дені жалған болып шыққан. Міне, басқасы басқа, әсіресе, оңтүстікқазақстандық дә­рі­­гер­­лер жалған диагноз қоюдың, ауруды жа­­сырудың ақыры қандай орны толмас өкі­нішке апа­рып соғатынын, нендей ай­қай-шуға ұла­са­тынын ұғатындай ащы са­бақ­ты бастан өт­керді ғой. Біздікі қателік қайта­ланбаса екен деген қауіп қой. Біз қауіп еткеннен ай­тамыз. Жаман айтпай, жақсы жоқ. Осы­ны жауапты адамдар жақсылап ойла­нып, күні ертең абыройдың айрандай тө­гіл­меуін ойланса дейміз.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста