Шымкенттік келіндер енді күбі піспейді

Шымкенттік келіндер енді күбі піспейді

Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төлеби ауданы Ұзынарық ауылының тұрғыны Сәкен Есімов электрлі күбі ойлап тауып, ауылдастарының алғысына бөленуде. Тіпті ат арытып алыстан келіп, аттай қалап әкетіп жатқандар көп.
Бұл жаңалық әсіресе күйбең тірліктен қолы тимейтін ауыл келіндерінің уақытын үнемдеуіне сеп болды. Бұрын ағаш күбіге айран піссе, бір сағат уақыты кететін. Ал за­манауи жаңалықтың арқасында қымызы да пісулі, майы да түсулі. Риза болмағанда қайтсін. Қымызымен аты шыққан Диқанкөл ауылы осы ауылға іргелес отыр. Көрші ауылдағы қымыз кәсібінің көрігін қыз­дырып жүргендерге таптырмайтын аппа­ратты иек астындағы ауылдағы өнер­тапқыштың жасап шығарғаны тіптен тамаша болды. Ондағылардың түгелге жуығы осы электрлі күбіні сатып алып, қарық боп қалды. Тауды жағалай қо­ныстанған ауылдағылардың басым бөлігі Шымкентке қымыз апарып сатып, нан пұлын айырып отыр. Таңғы төртте тұрып, екі сағатқа жуық күбі пісіп баптайтын еді бұрын. Піспесе қымыз бола ма? Ал мына жаңалықтың арқасында енді 15-20 минутта қымызы пісіліп, бабында тұрады.
Сәкен Есімов, өнертапқыш:
– Бұл күбіге кір жуатын машинаның моторы да жарай береді. Айналымы ми­нутына 1-1,5 мыңға тең. Кез келген ыдыс­қа лайықталған. Мәселен, кастрөлге кигізіп қоюға болады. Ұйытылған айран­ның ыдысына азғана су құйып, үстіне қойса болғаны. Фанердің үстіне моторы орна­ласқан. Астындағы арнайы құрылғы электр қуатының күшімен жылдам айналады. Сұраныс өте көп.
Иә, бүгінгідей уақыт тапшы кезеңде тіптен таптырмас құрал болып тұр. Тіпті көрші аудандардан, Рабат, Сайрам, Өгем­нен келіп әкетіп жатқандар көп. Тапсы­рыстың көптігі сонша – тіпті кейде үлгер­мейтін кездері болады. Бағасы да аса қымбат емес – 4000 теңге. Артықшылығы сол – бүгінде газ плиталарына қондырылған таймер сияқты уақытын белгілеп қойса, дәл сол уақытта өздігінен тоқтайды. Қай­тадан өздігінен іске қосылады. Осы уақытқа дейін 100 шақты күбі өз иелерін тауып та үлгерді.

Автор
Последние статьи автора
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Назван точный исход матча КХЛ "Барыс" - "Салават Юлаев"
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста