"Сыртқы әлемнен толық оқшауландым": Ақтөбеде қайыр сұрауға мәжбүр болған ер адам көрген қорлықтарын айтып берді

"Сыртқы әлемнен толық оқшауландым": Ақтөбеде қайыр сұрауға мәжбүр болған ер адам көрген қорлықтарын айтып берді

46 жастағы арбаға таңылған ер адамды Ақтөбеде қайыр сұрауға мәжбүрлеген. Оны Ақтөбе еріктілері құлдықтан босатты. Александр өз оқиғасын айтып берді деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Диапазон” басылымына сілтеме жасап.

Осыған дейін шымкенттік ер адамды Ақтөбеде құлдықта ұстағаны туралы хабарланды.

Ер адам Түркістан тумасы, кейін Шымкентке көшіп келген. Айтуынша, бұл қалада жеке пәтері мен отбасы болды.

“Бір күні далада қалдым. Қаңтар айында Шымкентте нан сұрауға көшеге шықтым. Бейтаныс әйел келіп, қайда тұратынымды сұрады. Ол кезде мен оңалту орталығында тұрдым. Ол өз үйінде тұруды ұсынды, бәрі жақсы болатынын айтып, тапқан ақшаны екіге бөлеміз деді”, – деп мәлімдеді ерекше қажеттілігі бар ер адам.

Ер адам келісіп, олармен бірге тұрған. Алайда көп ұзамай олардың көзқарасы өзгеріп, дөрекілік танытып, мазақ еткен.

“Мүгедектігім бар екенін, асқазаным, омыртқам ауыратынын білді, соған қарамастан білгендерін жасады. Аз ақша әкелсем, қатыгездік көрсетіп, жазалайтын. Күніне 40-50 мың теңге әкелгенімді талап етті. Мен тапқанымша әкелетінмін”, – деді Александр.

Александрмен бірге, үй иесінің ағасы және тағы екі адам болған. Біреуінің қолы мен аяқтары болмады, ал екіншісінің тек аяғы жоқ екен. Қаскөйлер ерекше қажеттілігі бар жандардың еңбегін пайдаланып, тек алкоголь мен темекі және тез дайындалатын кеспе берген.

“Жұқа көрпе жамылып, еденде ұйықтайтынмын, тоңамын. Күніне 25-30 мың, кейде одан да көп әкелген кездерім болды. Жұма күндері мешітке барамын, себебі мұсылмандар көбірек береді. Жұма күндері 50 мыңға дейін жинағам”, – дейді шымкенттік азамат.

Қаскөйлердің ұрып-соққанынан Александр баяу жүретін болған. Сонда да олар жедел жәрдем шақырмай, ешқандай көмек көрсетпеген.

“Ұрып-соққаннан кейін есімді жиғанымда, Ақтөбеге немесе басқа қалаға пайда табу үшін баратынымызды айтты. Өз өмірім мен денсаулығым үшін қорқып, бас тарта алмадым”, – дейді зәбір көрген еркек.

Ақпан айында олар Ақтөбеге келді. Келесі күннен бастап базарда қайыр сұрады. 

“Үйіне тұрғызған ер адамның жұбайы қасымызда жүріп, ол да қайыр сұрайтын. Мен жүре алсам да, олар мені мүгедектер арбасына отырғызып қойды. Маған телефонмен сөйлесуге, адамдарға жақындауға тыйым салынды. Сыртқы әлемнен толық оқшауландым, біреуден көмек сұрауға мүмкіндігім болмады. Кешке үйге келгенде, ақшамды тартып алады”, – деді ол.

Бір күні жас еріктілер Александрдың жанына келіп, азық-түлік сатып алуды ұсынған. Ер адамды осы сәтті пайдаланып, оқиғасын еріктілерге айтып берген. Олар көмектесуге уәде беріп, келесі күні көлікке салып, қашқан.

Александрдың айтуынша, ерлі-зайыптылар бірнеше адамды құлдықта ұстап отыр. Олардың көпшілігі – ер адамдар, негізінен балдақпен жүретіндер, аяғы, қолы жоқтар.

Қайыр сұрауға мәжбүрлейтіндер жәбірленушілер қашып кетпес үшін немесе қоңырау шалмас үшін оларды бақылап жүреді.

“Бір күні жанына полиция қызметкері келді, мен оған азық-түлікке ақша жинап жүрмін, тұратын жерім жоқ деп жауап бердім. Соны олар көріп, полицейлерге не айтқанымды сұрады, аяусыз соққыға жақты. Мені ешкім іздеген жоқ, өйткені ата-анам қайтыс болған”, – деді шымкенттік ер адам.

Ақтөбеде ол бір айдан астам уақыт қайыр сұрап жүрген, қазір еріктілердің арқасында жасырын пәтерге көшті.

“Мені садақа сұрауға мәжбүрлеген адамдардан аулақ болғым келеді, олардың мені жайыма қалдырғанын қалаймын. Олардан екі рет қашып көрдім, олар ұстап алып, ұрып-соғып, жүре алмайтындай қыламыз деп қорқытты. Бұл адамдардың қазір Шымкентке кеткенін естідім, әлі бостандықта. Олар “сары карта", яғни мүгедектігі бар екенін дәлелдейтін анықтама алып алған. Бірақ сап-сау. Карталарды сатып алған, сол зейнетақыға күн көреді, – деп түсіндірді 46 жастағы шымкенттік.
"Дәріс" қоғамдық қоры Александрға барынша көмек беруде. Олар адамдарды құлдықтан құтқарумен айналысады.

“2016 жылдан бері көмек көрсетіп келеміз. Жүзден астам адам көмек алды, кейде сотқа келеді, кейде іс тараптардың татуласуына байланысты тоқтатылады. Хромтау ауданында үш әйелді құлдықтан аман алып қалған жағдайлар болды, қылмыскер 5,6 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл жағдайда да істі сотқа жеткіземіз деп үміттенеміз. Қазір Александр қорғауда. Ниеті болса, оңалту жұмыстарын жүргізіп, қызметке орналастырамыз. Қолында құжаттары бар, – деді "Дәріс" қоғамдық қорының атқарушы директоры Гүлнұр Идигеева.

Құлдықта жүргендер полицияға бірден хабарласа алмайды. Өйткені қысымнан қорқады немесе оларды аңдып жүреді.

“Қайыр сұрап тұрған адамды көрсеңіздер, оларға жақындап, жағдайларын сұрауға шақырамыз. Олар бірден жауап бермеуі мүмкін, сондықтан жан-жақта күдікті жандар бар ма, соны да байқаңыз. Қазір адам саудасына қарсы заң жобасын әзірлеумен айналысудамыз. Қазақстанда мұндай заң жоқ, дегенмен басқа елдерде бар. Қылмыстық іс қозғалған кезде барлық мәліметтерді ескеру қажет, тіпті адам қорқып, көмек сұрай алмады”, – деді қоғамдық қор өкілі.
 

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста