Талдықорғанда бүтіндей отбасыны комменданттық сағат кезінде атып өлтірген
Қайғылы оқиға 8 қаңтарда Талдықорғанда болған. Қайтыс болған отбасының қайғы жұтқан туыстары әлі күнге дейін болған жағдайға сене алмай отыр. Марқұм әйелдің жиені оқиғаның мәні-жайы туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Экспресс К" басылымына сілтеме беріп.
Үш адамнан тұратын отбасыны жерлеу рәсімдері жақында өткен.
Сол күні Нұрболат Сейітқұлов, Алтынай Етаева және олардың 15 жатағы қызы Нұрай қонақтан келе жатқан. Марқұм әйелдің жиенінің айтуынша, сағат 20:30 шамасында қалада коменданттық сағат болған. Олар кешкі сегізден бастап коменданттық сағат екенін білмеді. Үйге көлікпен қайтып келе жатқан. Көлікті ағасы айдап келе жатты. Оқиғаның нақты қалай болғанын ешкім білмейді”, – деді ЭК-ға қайтыс болған әйелдің жиені Айдын.
Туыстарының болжамынша, олардан көлікті тоқтатуды сұраған болуы керек, бірақ олар естімесе керек. Содан соң оқ атылған.
”Әскерилер атты дейді. Олар сол жерді күзетті емес пе? Бірақ нақты білмейміз. Көлікті әскери бөлімшеге алып кетті”, – дейді ол.
Ерлі-зайыптылардың жасы 51-де болған. Әйелі үй шаруасындағы әйел, күйеуі Нұрболат зауытта жұмыс істеген, ал қыздары мектепке оқыған.
Туыстарының көпшілігінің айтуынша, Талдықорғанда коменданттық сағат кешкі 8-ден басталатынын ешкім білмеген.
Тергеу әлі аяқталмаған. Құқық қорғау органдары болған оқиғаның егжей-тегжейін анықтауы тиіс. Үш адамнан тұратын отбасы туған жері Талдықорғанда жерленді.