Талдықорғанда жас әйел азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді
Талдықорғанда жас әйел азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Polisia.kz телеграм-арнасына сілтеме жасап.
11 қаңтарда Талдықорған полициясына көпқабатты тұрғын үйдің біріндегі пәтерінен денесінде пышақ жарақаттарымен 42жастағы ер адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Пәтер азаматтық некедегі ерлі-зайыптыларға жалға берілген, олар сол күні кешкі уақытта құрбысының қатысуымен мерекелік отырыста ішімдік ішкені анықталды.
«Аталған факті бойынша ер адамдың өліміне азаматтық некеде бірге тұратын 33-жастағы жас әйелдің қатысы бар екені белігілі болды. Әйел ұсталып, қамауға алынды. Қылмыстық іс материалдарына айғақ ретінде оқиға орнынан табылған асхана пышағы, сондай-ақ қылмыстың куәгері болған ерлі-зайыптылардың қонағынан жауап алынды», - дейді Талдықорған қаласының полициясы бастығының орынбасары Шыңғыс Нұрахимов.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабына (Адам өлтіру) сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде.