Талғар аудандық ауруханасы жаңа құрылғымен толықты

Талғар аудандық ауруханасы жаңа құрылғымен толықты

Талғар аудандық орталық ауруханасы жүкті әйелдерді, босанған әйелдерді, перинаталдық потологияны іске асыру қаупі бар босанған әйелдерді госпитализациялау, гестация мерзімі 22-ден 34 аптаға дейін мерзімінен бұрын босану бойынша үшінші деңгейде медициналық қызмет көрсетеді. Сондықтан, аурухана басшылығы жаңа туған нәрестелер үшін қолданылатын SIPAP аппаратын сатып алу туралы шешім қабылдады.
Бұл аппарат баланың тыныс алу ритміне жауап беретін компрессор және табиғи тыныс алу кезінде ауа ағынының кедергісіз өтуіне жағдай жасайды.
Сонымен қатар аурухана басшылығы "Resusci Flow" яғни, «Т-система» механикалық желдетуге арналған реанимациялық аппаратты сатып алды. Бұл құрылғы неонатальды асфиксия және жаңа туған нәрестелерде тыныс алу жеткіліксіздігі туындаған кезде қолданылады.
" Жақында біздің дәрігерлер 26-27 аптада дүниеге келген, салмағы 790 грамм баланы SIPAP аппаратының көмегімен аман алып қалды. Қазіргі уақытта жаңа туған нәресте аппараттан алынып тасталды. Бала өздігінен тыныс алады және кювезде дәрігерлер бақылауында", - деді перзентхана меңгерушісі Эльмира Талғатқызы.
Ауруханаға SIPAP аппараты мен "Resusci Flow" яғни, «Т-система» аппаратын "А-КЛАСС-МЕДИКАЛ" сенімгерлік басқару құқығына ие компания сатып алды. Екі жыл ішінде аталған компания Талғар аудандық орталық ауруханасын 450-ден астам жаңа жабдықпен қамтамасыз еткен.
Естеріңізге сала кетсек, 2022 жылдың он айында Талғар аудандық ауруханасының презентханасында 3300-ден астам бала өмірге келген.

Автор
Последние статьи автора
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Кадрлық резерв. Ол қай жағдайда компанияны құтқарады, ал қашан қызметкерлерге теріс ықпал етеді?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Қайтыс болған адамның заттарын сақтауға бола ма?
Цифра
50
50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов

50 км/ч – именно с такой средней скоростью промчался вчера по афинской трассе Вячеслав Екимов, чтобы завоевать серебро в велогонке с раздельным стартом.
1900
Году

Бокс был узаконен как вид спорта
2,5
ГРАММА

Масса мячика для игры в настольный теннис
5
Олимпийских колец

символизируют единство пяти континентов, хотя ни одно из них не является символом какого-то конкретного континента. Цвета колец — синий, красный, желтый, зеленый, черный, — были выбраны, как наиболее часто встречающиеся на флагах государств мира.
130
км/час

С такой скоростью летит мяч, после удара профессионального волейболиста