Талғар маңында сел жүру қаупі сейілді
Бүгін Алматы облысында құтқарушылар мен полиция қызметкерлері Талғар өзеніне жақын орналасқан саяжайлардағы тұрғындар мен демалыс үйлеріндегі жұртшылықты эвакуациялаған болатын. «Спутник» лагерінен 515 адам көшірілген. Оның 400-і балалар. Төтенше жағдайлар комитетінің хабарлауынша, сел бірнеше күнгі ыстықтан таудағы мұздықтардың еруі себепті пайда болған. Қазіргі уақытта судың ағысы секундына 29 текше метр. Ал сел жүрген уақытта секундына 47 текше метрге жеткен. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары қауіптің беті қайтқанын хабарлады.
khabar.kz
Читайте также
Футбольный клуб 'Кайрат' столкнется с сильными соперниками на турнире в Катаре
Фанаты "Барыса" получили негативные известия
GTA VI впервые покажут уже в декабре
Дану Уайта угостили куртом в Нью-Йорке
"Золото в серебре" : 16-летняя казахстанская спортсменка дважды победила на чемпионате мира по джиу-джитсу
Димаш Кудайберген обратился к сборной Казахстана по футболу