Тамыз айына арналған ауа райы болжамы
Тамыз жаз маусымын аяқтайды және Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райынан басталады, - деп хабарлайды Alashainasy.kz тілшісі BAQ.KZ-ке сілтеме жасап.
Атмосфералық фронттардың өтуімен жауын-шашын, найзағай, бұршақ және екпінді жел тұрады.
Айдың бірінші онкүндігінде ауа температурасының шамалы төмендеуі болжанады:
республиканың солтүстігінде, орталығында, шығысында түнде
+12+22°С-тан +10+18°С-қа дейін, күндіз +30+35°С-тан +22+30°С-қа дейін,
оңтүстік өңірлерде түнде +20+27°С-тан +18+23°С-қа дейін, күндіз
+34+42°С-тан +28+35°С-қа дейін.
Еліміздің батысында ауа температурасының түнде +13+20°С-тан 20+25°С-қа дейін, күндіз +25+30°С-тан +33+41°С-қа дейін; оңтүстік-батыста түнде +20+25°С-тан + 25+30°С-қа дейін шамалы ауытқуы күтіледі, күндіз ауа температурасы +30+40°С шегінде сақталады.
Тамыздың екінші және үшінші онкүндіктерінде республика аумағында барикалық түзілімдердің кезектесуі байқалатын болады. Ыстық және құрғақ күндер салқын және жаңбырлы, кейде найзағай мен бұршақпен ауысып отырады. Ауа температурасы солтүстік аймақтарда түнде +13+20°С-тан
+8+15°С-қа дейін, күндіз +17+25°С-тан +23+30°С-қа дейін ауытқуы, оңтүстік және батыс аймақтарда ауа температурасының негізгі фоны түнде +13+22°С,күндіз +28+38°С болады.
Соңғы сағатта көп оқылған жаңалықтар осында Massaget.kz