"Тараз аруы-2014" байқауының жеңімпазы анықталды
24 жастағы Айнұр Алтынбекова "Тараз аруы-2014" жеңімпазы болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бойжеткен өткен жылы университетті құқықтану мамандығы бойынша бітірді. Ол бірнеше жерде жұмыс жасап үлгеріпті. Айнұр "Тараз аруы-2014" байқауын жеңіп шығу оңай болмағанын айтты. "Бізге конкурс туралы оның басталуына бір апта қалғанда ғана айтылды. Түнге дейін дайындалуымыз керек болды. Қиын болды, әрине. Дарындар конкурсы қазіргі заманғы бимен алмастырылды, сондықтан да тығыз жұмыс істеуге тура келді", - деді Алтынбекова.
"Тараз аруы-2014" байқауына 58 қыз қатысқан. Ұйымдастырушылар олардың ішінен 12 қызды іріктеп алды. Шарт бойынша, Айнұр Алтынбекова "Қазақстан аруы-2014" республикалық байқауында өз қаласының намысын қорғайды. "Қазақстан аруы-2014" байқауында жеңіп шығуға күшім жететініне сенемін. Қазылар алқасын нәзіктігіммен, күлкіммен және сүйкімділігіммен таңдандыруға тырысамын. Таразда қыздар өте әдемі, сондықтан "Қазақстан аруы-2014" байқауын осы жылы Тараз тұрғыны жеңіп алуы керек деп есептеймін", - деді Алтынбекова. Айта кету керек, республикалық байқауға Тараз қаласынан Айнұрмен бірге тағы бір қатысушы барады - Диана Ремез. Ол "Қазақстан аруы-2014" кастингінің жеңімпазы болды, сондықтан да республикалық финалға қатысады.
Айнұр Алтынбекова "Тараз аруы-2014" байқауының жеңімпазы.
"Тараз аруы-2014" кастингінің жеңімпазы Диана Ремез.